111
жеткізеді. Өзінің айналасындағы нәсіл қуған ызаны ойлағанда, Абай таңертең ғана оқып
шыққан «Дубровский» тағдырын еске алады. Абайдың әуре-сарсаңға түсіп, іштей күйініп
тұрған сәтіне жазушы тағы да ақынның өзінің оқыған кітаптарын еске алдырып, көмекке
жаратады. Өмірдегі ақ пен қара, жақсылық пен жамандық атаулы қасиеттер қарама-қарсы
келгенде, Абай айтқан жылы жүрек пен нұрлы ақыл қажет екенін білетін М.Әуезов эпопея
оқиғасындағы кейіпкерінің ішкі сезім тартысына ақынның толық адам турасындағы
танымын көркемдік тұрғыдан жеткізеді. Абайдың толық адам жайындағы танымы «Абай
жолы» роман-эпопеясының өн бойынан табылып, шығармада ұзын арқаудай созылып
таралып жатады. М.Әуезов Абай мұрасының гуманистік астарын ашу барысында, ақынды өз
өлеңдерімен үлкен аренаға алып шығу сәтінде, Абаймен мейлінше үндес, рухани тұтастықта
алып келді. Абай толық адам болу үшін адам бойындағы ең негізгі қасиеттер деп ақыл,
қайрат, жүректі атаса, М.Әуезов те «Абай жолы» роман-эпопеясында осы үш қасиетке
ерекше мән береді.
Адамгершілік жайындағы Абайдың ой байламдарын терең танып білген кемеңгер
жазушы осы ой қазығын «Абай жолы» роман-эпопеясындағы кейіпкерлер тұлғасынан
көреміз. Өйткені Абай мен Әуезов арасындағы рухани сабақтастықтың өзекті буыны да дәл
осы толық адам маңайында болғандықтан, Әуезовтің Абай «нравственная личность»
мәселесін бар тартысының, талап арманының тетігі етеді деп жазған ой байламы да көрсетіп
тұр.
«Абай аға» атты тарауда «Кең маңдай,
қайратты жүзі көкшіл тартты. Реңіне ыза
шыққандай. ...
Жүрегінің басынан удай боп төгілген шер болса, оның бәрі бұл отырғандар
туралы ой емес», – деген үзіндіні оқуға болады [7, 43].
Ұзақ жылғы айдаудан оралған Базаралы Семейге келгенде, оны қарсы алған көңілдес
ағайын қонақ етеді. Жиренше пәтерінде жиылған топтың ортасында отырған Базаралы
басынан өткен қапырық ойларды ойлайды. Жазушы эпопеяда Базаралы бейнесін арыстай
сом тұлғалы, бұл өңірдегі ең қымбат жан деп басқа кейіпкерлерден даралап бейнелейді.
М.Әуезов Базаралы тұлғасын сипаттағанда, Абайдың толық адам болудағы «үш қасиетін»
әсіресе қайрат сөзін көп қолданады, яғни қайратты жүзі мен шерлі жүрегін атайды. Бұндай
мысалды «Кек жолында» атты тараудан да кездестіреміз. Дәркембай Базаралыға: –
Достарыңызбен бөлісу: