қайғы-қасіреті шұрқырап, шер күңірентіп жүргендей (М.Әуезов, Т.9. Шығ. жинағы, 140
б.). Тілдік тұлға – тілдің ғана емес, тіл бойындағы халықтың таным-мәдениеті мен
дүниетанымының тұтынушысы. Ол әсіресе тілді шығармашылық деңгейде меңгерген
элитарлық тілдік тұлғаның басты ерекшелігі саналады. Ұлттық элитарлық тілдік тұлғаның
айқын белгісі: уақыттың сынына төтеп беріп, қай уақыттың да талабына жауап бере алады.
Осы тұрғыдан, кезіндегі ұлы Абай сияқты М.Әуезовтің де «еленбеген ерекшелігі» – ұлттық
болмысы. Ұлттық әдебиет халықтың әдеби тілімен жазылып, өн бойында мәдени код
жатады. Оны әр қаламгер түрліше пайдаланады. М.Әуезов мәдени кодты – ұлттық қасиетін
танытатын драмадағы кейіпкерлер тілінде теңеулерді былайша берген: жүрегі мұздай қату,