200
Петерфельд – неміс тілінен аударғанда «Петр даласы» деген мағына береді. 1908 жылы
неміс қоныс аударушылары Петр Рыбалов деген көпестен сатып алған жерлеріне қоныс
салып, оған көпестің атын берген [1, 81-82].
Жер-су атын өзгерту – жай әуесқойлық емес, сол маңайда бұрын ешқандай халық
мекендемеген, демек иесіз жерге қазық қағуға болады деген жымысқы саясатпен әдейі
жасалған шара екені мәлім. Сонымен қатар, қазақы атаулардың өзінің транскрипциясын
өзгертіп, адам танымастай қалыпқа түсіргендікті де қосу керек (Мысалы,
Шабақты –
Чебачье, Тереңкөл – Торангул, Тоқыш – Токушино, Асан – Асаново т.с.с.).
Кеңестік дәуірде колхоздастыру, тың игеру науқандарына байланысты өңірдің байырғы
елді мекендерінің атаулары аяусыз өзгертілгенін айтып жеткізу мүмкін емес. Оған қоса
қызыл империяның саясатына сай, идеология мүддесіне орай ешқандай мәні жоқ, даңғаза
қазақша атаулар енгізілді
. «Жаңа тұрмыс», «Алғабас», «Жаңа талап», «Жаңалық»,
«Орталық», «Бірлік», «Мәдениет» т.б. атаулар бұрыңғы тарихи топонимиканы ел санасынан
өшірді, басқасы жаппай орысша болып кетті [2, 56-58].
Артына өлмес жол мұра қалдырған Шал ақын, Сегіз Сері,Үкілі Ыбырай өскен өңір. Ақ
қайынды, көгілдір көлді өлкенің жасампаз еңбек адамдарын Мағжан Жұмабаевтың,
С.Мұқановтың, Ғ.Мүсіреповтің, Н.Шуховтың, Павел Василъевтің өз шығармаларының
арқауы етті. Есіл өзені — облыстың ең басты су арнасы. Кеңес дәуірінде «Есіл» атауы
«Ешим» болып бұрмаланып келді. Есіл өзені Сарыарқа жері, Қарағанды облысындағы Нияз
тауынан басталып, Омбы облысындағы Усть-Ишим селосы тұсында Ертіс өзеніне құяды.
Жалпы, ұзындығы 2450 шақырым, Қазақстандағы ұзындығы 1719 шақырым. Ресейдің
Түмен, Омбы облыстарынан өтеді. 1950 жылдардың ортасында Есілде кеме жүзген. Есіл
бойында Астана, Есіл, Қызылжар қалалары орналасқан.
Өзен атауы көне түркі тілінде «көк» деген мағынаға ие. «Есіл» сөзі «ер, сөз, дерт»
сөздерінің мағыналарын күшейтуге қолданады. Осыған байланысты «есіл дүние ысырап
болды», «есіл ер-ай!» «саған қор болған есіл ат», «тыңдамасқа айтқан есіл сөз» деп
айтылады. Мағынасы «айхай, әттең, дариға, қайран, шіркін» сөздеріне жақын болғаны тегін
емес. Есіл өзенінің атауы қазақтың «есіліп, бұралып ағады» деген анықтамасына толық сай
келеді.
Сәбит Мұқановтың «Есіл бойында» әңгімесінде Есілдің тамылжыған тамаша
табиғатты суреттелген, үйірер жеміс-жидегі, шалғыны, сағымы да көз алдымызға елестеп,
көңілді жадыратады.
Атақты Асан қайғы бабамыз желмая мініп желдіртіп, Сарыарқаны аралап жүргенде, әр
жерге байланысты сын-толғауын айтқан екен. Ұзын аққан Ертісті көргенде: «Мына
шіркіннің баласы тойдым деп қарап отырмас, қарным ашты деп жылап отырмас. Сиырдың
мүйізі, доңыздың құлағы шығып тұрған жер екен», - депті. Ал Есіл өзенін көргенде: «Жары
мен суы тең, жарлысы мен байы тең болатын жер екен», - депті.
Тіпті осы өңірді жаз жайлауына, қыс қыстауына айналдырған, әділдігімен үш жүзге аты
жайылған Жабайұлы Тоқсан би: «Есілдің арғы бетіндегі Қарауыл төбеге жерлеңдер. Түбінде
осы жер тоғыз жолдың торабына айналады. Сонда ұрпағым еске алар» деп, ұрпақтарына
өсиет қалдырған екен. Есіл өзенінің атауы қазақ халқында «есіліп, бұралып ағады» деген
анықтамасына сәйкес келіп тұр.
Зарқын Тайшыбай білікті зерттеуші, елге танымал үлкен ғалым ономастика
мәселелеріне арналған «Атамекен атаулары» еңбегінде жазған: Облыстағы жер-су
атауларының, қазіргі жайына көз салсақ,
«Ново-жаңа» деп басталатын 39 топоним бар екен
және олар түгелге жуық, елді мекендер, тек бір көл мен бір төбешіктің ғана
«жаңа» екені
байқалады. Осыған керісінше
«старо-ескілердің» саны 15, бұлардың екеуі ғана қоныстар.
Қалғаны көлдер,
батпақтар, құрөзектер.
Бұл арада ұлттың талғамы, ұлттың ерекшеліктерге ғана тән сараптау және екшеу
үрдісінен жаңылмайтын мінез байқаймыз. Яғни, топонимдерден халықтың тұрмысы,
этномәдени тіршілік салты
жаңылмай, көрініс тапқан.