Арт-терапия мүмкіндіктері оқу-әдістемелік құрал Орал, 2016 2



Pdf көрінісі
бет32/94
Дата06.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#15172
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   94
Байланысты:
Арт-терапия м мкіндіктері о у- дістемелік рал Орал, 2016 2

10. 
Сиқырлы 
магазин. 
Психодрамада 
кең 
түрде 
қолданылатын  жаттығулардың  бірі  «сиқырлы  магазин»  ойыны 
болып  табылады.  Бұл  техника  клиентке  өмірдегі  өзінің  шынайы 
мақсаттары  мен  армандарын  түсінуіне  көмектеседі:  клиент 
«сиқырлы  магазин»  сатушысымен  әрекеттеседі,  оны  көбінесе 
көмекші  «мен»  немесе  режиссер  бейнелейді.  Режиссер 
қатысушылардан  сахнада  дүкен  ашылғанын  және  онда  керемет 
заттар:  махаббат,  ерлік,  ақыл,  дарындылық  және  т.б. 
сатылатынын  елестетуді  сұрайды.  Магазин  сатушысы  клиентке 
қалаған  нәрсенің  барлығын  ұсынады:  байлық,  бақыт,  генийдің 
интеллектісі.  Мысалы,  біреу  «сыйласымды»  сұрайды.  Дүкен 
қожасының 
рөліндегі 
режиссер 
нақтылайды: 
«қанша 
сыйласымдық керек», «кімнен», «неге байланысты» және т.б. 
Магазин  сатушысы  клиенттен  төлем  сұрайды,  пациентке 
қымбат  бір  нәрсе.  Мысалы:  денсаулық,  махаббат,  тәуелсіздік, 
абырой.  Бұл  клиентті  дилемма  алдына  қояды  және  әдетте  тез 
арада өзінің ішкі дүниесіне үңілуге итермелейді. 
Психодраманың қасиеті болып белсенді жұмысқа барлық топ 
мүшелерінің  қатысуы  табылады.  Әсіресе  көмекші  «мен»  рөліне 
таңдалғандар.  Психодрамаға  топтық  нормалар,  ортақ  топтық 
тақырыптар сияқты топтық динамиканың аспектілері маңызды. 
Тәжірибелі 
режиссер 
түрлі 
таңдаулы 
әдістемелерді 
қолданады, олардың көмегімен психодрамалық әрекеттің дамуын 
басқарады, катарсис пен инсайтты тереңдетіп, күшейтеді. 
 


44 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет