Арт-терапия мүмкіндіктері оқу-әдістемелік құрал Орал, 2016 2


«Ой қуаты мен дыбыс қуаты біріккенде»



Pdf көрінісі
бет42/94
Дата06.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#15172
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   94
Байланысты:
Арт-терапия м мкіндіктері о у- дістемелік рал Орал, 2016 2

«Ой қуаты мен дыбыс қуаты біріккенде» 
Ежелгі  Қытайдың  даос  даналары  адамның  әр  ағзасының  өз 
дыбысы  болатынын,  сол  арқылы  сырқатынан  сауықтырудың 
мүмкін  екендігін  танып,  білген.  Олар  ең  бірінші,  әрбір  адамнан 
сөйлегенде,  қуанғанда,  ренжігенде,  риза  болғанда  шығатын 
дыбыстардың жай ғана үн, дауыс емес, белгілі бір ой қуаты бар 
тербеліс  екендігін  анықтаған.  Содан  олар  ой  қуаты  мен  дыбыс 
қуатын  біріктіріп,  адамдарды  емдеу  ілімін  қалыптастыра 
бастаған.  Тек,  Тан  династиясы  дәуірінде,  Сунь  Сымяо  (581-682) 
деген қытай дәрегері бұл ілімді бір жүйеге түсіріп, ол әр дыбысты 
адамның  белгілі  бір  ағзасына  және  акупунктура  меридианына 
қатыстырып,  оның  нәтижесінде  «Шипалы  алты  дыбыс»  атты 
емдік тәжірибе өмірге келген. 
Осы  ілімді  дамытушы  даостықтардың  таным-түсінігінше, 
біздің  жағымды,  жағымсыз  әсерлеріміз  (эмоцияларымыз)  ішкі 
ағзаларымызға  да  әсер  етіп,  олармен  тығыз  байланыс  орнатады, 
сөйтіп,  бұл  әсерлер  ағзамыздың  белгілі  бір  мүшесінде  шөгіп, 
сақталады.  Өз  кезегінде  осы  ағза  мүшесінің  тербелісі  жаңағы 
әсерлерге  нәр  береді.  Сол  себепті,  көңіл  күйдің  әсерін  тепе-
теңдікте  ұстап  тұруға  айрықша  көңіл  бөлуіміз  қажет.  Біріңғай 
қамығып,  ашулана  берсек,  оның  қуаты  жан-дүниемізді  одан 
сайын улай түседі. 
Даос даналарының ұсынысы: ішкі ағзаларды сауықтыру үшін 
бір мезет терең зейінде әрқилы дыбыстар шығарып, «гуілдеу» өте 
пайдалы.  Бұл  тәсіл  қазір  көптеген  қытайлықтардың  күнделікті 
әдет-салты.  Негізінен,  бұл  жаттығуды  ешкім  мазаламайтын 
тыныш  жерде  жасаған  жақсы.  Мұнда  қолдағы  сағат  пен 
көзілдірік  шешіп  алынады,  тамақ  ішкеннен  кейін  кемінде  бір 
сағат  өткенде  қозғалуға,  тыныс  алуға  қолайлы  кең  киіммен 
жаттығу  жасау  басталады.  Жаттығудың  бастапқы  қалпы: 
орындықтың  шетіне  отырып,  арқаны  тік  ұстау,  алақандарды 
жамбасқа қойып, көзді жұму. Сосын ойша белгілі бір ағзаға ден 
қойылып,  стресс  кезінде  оған  шөгетін  эмоциялар  еске  алынады. 
Одан  арылу  үшін  демді  сыртқа  шығарамыз.  Сол  сәт  жаңағы 
ағзаға  толатын  пайдалы  қасиеттер  де  еске  алынып,  ойша  түсі 
елестетіледі,  бірте-бірте  санамызда  түсін  айқындай,  тазарта 
түсеміз. Осы жаттығулармен бір мезетте жаңағы ағзаларға сәйкес 


67 
 
келетін дыбыстар айтылуға тиісті. Тербелістің оған жеткені, әлгі 
ағза  дыбыспен  бірге  дірілдей  бастайды.  Біз  осылайша  ерекше 
дыбыстардың  көмегімен  өз  ағзаларымызбен  сөйлесеміз  (сондай 
әсерде  боламыз).  Тыныс  алу  мен  дыбыс  қуаттардың  алмасуына 
әсер  етеді:  жақсы  қуат  ауру  қуатын  сыртқа  шығарады,  ағзаны 
өзіне толтырады. Әр дыбысты 3 және 6 рет қайталауымыз қажет. 
Бұл тәжірибе төрт қадамнан тұрады. 
Шипалы  дыбыстар  тәжірибесін  жасағанда  көп  адамның 
денесі босап, олар есінейді. Кейде ағзасы шанышқандай, тамыры 
соққандай,  кеңігендей  әсерге  бөленеді.  Осындай  сезімдер  кейде 
баста,  қолда,  аяқта  да  байқалуы  мүмкін.  Тіпті  ешнәрсенің  де 
сезілмеуі ғажап емес. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет