75
Имаготерапия топпен, және жеке формада сирек жүргізіледі.
Науқасқа күн сайын 1-2 сағат бойы өзін қалайтын «Мен»
бейнесін сомдауы ұсынылады. Бірте-бірте ойынның ұзақтығы
көбейеді, және қаланатын бейне науқастың үйреншікті мінез-
құлық стереотипі болып қалыптасады.
Имаготерапияның екінші кезеңінде әңгіменің трагедиялығы
кіреді. Драмалық іс-әрекетпен және диалогтармен айқындалған
повесть немесе романның кейбір фрагменттері әр жақтан
ойналады. Сондай-ақ науқастар жұмыс жасайтын шығарма
ішіндегі кейбір эпизодтарды сахнаға қоюы маңыздылық
танытады. Шығармада жоқ жағдайлардың сахнаға қойылуы да
жүзеге асырылады. Сөйлеу техникасы, такт бойынша қөзғалу, би
бойынша сабақтар жүргізіледі. Екінші кезеңнің ұзақтығы бірінші
кезеңнің ұзақтығымен бірдей.
Имаготерапияның үшінші кезеңі емдеу драмалық студияда
жүзеге асады. Бейнені жасау үстіндегі жұмыста хореографиялық,
драмалық және комедиялық спектакльдер қолданылады.
Бейнелерді таңдау науқастардың клиникалық-психологиялық
ерекшеліктері есебінен жүзеге асады. Есірік сырқат адамдарды
талдауға бейім байсалды және ақылды бейнелер ұсынылады.
Психастеникалық сипатты науқастарға шындық өмірді тікелей
және эмоциональдық түрде сезінетін адамдар бейнесін жасауға
пайдалы.
Имаготерапияның қолданылатын емдеу факторларына
көңілді бұру, сендіру, түсіндіру, иландыру, имитациялық мінез-
құлық, эмоциональдық көмек, мінез-құлықтың жаңа тәсілдеріне
үйрету жатады. И. шектік нерв-психикалық бұзылуларды емдеу
әдісі және науқастың тұлғалық дамуы арқылы емделу тәсілі
ретінде қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: