77
тартымды зат. Бала құмды не екенің сезінгенше қолдары сарай,
қоршау т.б. жасай бастайды. Ал оған ойыншықтар, кішігірім
фигураларды қосса, онда баламен түрлі ертегілерді драмалау,
ойын процесіне кіреді.
Құммен ойын - балалар мен ересектердің эмоционалдық хал-
жағдайларына оң әсер етеді, бұл баланың өзіндік дамуы үшін
тамаша құрал болып табылады.
Құммен ойнау кеңестік әдіс ретінде 1939 жылы ағылшын
педиатры Маргарет Ловенфельд сипаттама берген.
«Құм терапиясы» концепциясының құрылуымен негізінде
юнгиан мектебінің өкілдері айналысты, мысалы швейцар
аналитигі Дора Каалфф.
Құмдағы ойындар - баланың табиғи әрекеті формаларының
бір түрі. Сондықтан да біз, ересектер, құммен ойнайтын
орындарды оқыту және дамыту сабақтарында қолдана аламыз.
Құмнан суреттер салып, әртүрлі оқиғаларды ойлап тауып, біз
бала үшін әлдеқайда қызықты түрде оған өзіміздің біліміміз бен
өмірлік тәжірибемізді, қоршаған әлемнің заңдылықтары мен
оқиғаларын жеткізе аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: