нен кейін, отбасының да өзгергенін байқаған. Сол кезде:
«Мен қателесіппін. Әлемді өзгертпес бұрын, өзімді өз-
гертуім керек еді. Өзімді өзгерткенде, қасымдағылар да
өзгеретін еді» деген екен. Сондықтан да энергиямызды,
күш-қуатымызды өзіміз әсер ете алмайтын нәрсеге жұм-
самау өте оңай және маңызды лайфхак деп білемін.
Неге бізге қатысы жоқ мәселеге бұлқан-талқан болып,
күйіп-пісіп, энергиямызды кетіріп, уақытымызды жоғал-
тамыз? Басқаға уақыт тапсақ, неліктен өзімізге уақыт
таппасқа?
Менен көптеген азаматтар: «Қуаныш мырза, қалайша
осыншама кітап оқисыз?», – деп сұрайды. Жауабым оп-
оңай: біреуді өсектемесең, жаңа әліпби ойлап таппасаң,
бостан бос уақытыңды алатын таныстардан құтылсаң,
онда кітап оқуға да уақытың жетеді.
Алдыңғы жылы алпыс екі кітап оқып шықтым, осы
жылы жетпіске жеткіздім. Кітап оқу – өзіңді дамыту-
дың негізгі құрамдас бөлігі, осыны ұмытпа. Уақытты
зая кетірмей, кітаптан білім нәрімен сусындап, шөліңді
қандыр. Ескертетінім, кітаптың соңында, маған пайдасы
тиген кітаптар мен фильмдердің тізімін беремін, кәдеге
жарар деп ойлаймын.
Достарыңызбен бөлісу: