АДАМ КӨРКІ – ШҮБЕРЕК Сенің ішіңде жиырма бір ғасырдың бүкіл даналығы тұнып жатуы мүмкін, бірақ кездесу барысында, басқа адамдардың алдында жақсы әсер қалдыра алма- саң, ол білімнің ешқандай материалдық, әлеуметтік қайтарымы болмайды. Адам туралы алғашқы әсер бес секундта қалыптасады дейді. Жақсы киін. Өз басым жақсы киінгенді, киімді талғаммен киетін адамдар- ды ұнатамын. Және «қазіргі емес, болашақ статусыңа сәйкес киін» деген қағиданы ұстанамын. Өйткені біздің болашақ статусымызды көп жағдайда басқа адамдар (бастықтар, инвесторлар, демеушілер) шешеді. Ал олар бізді, кез келген адам секілді бейсаналы түрде сырт кел- бетімізге қарап қабылдайды. Оның екінші жағы да бар. Жақсы киінгенде өзіңе
ұнайсың. Маникюрсіз қыздар өздерін ыңғайсыз сезінеді.
Шашында қайызғақ бар жігіттер костюм кигісі келмей-
ді. Осындай ұсақ-түйектер адамның көңіл күйін, өзіне
деген сенімділігін, демек, болашағын анықтайды. Жеңіс
жолында ұсақ-түйек деген болмайды, бәрі маңызды.
«Жеңімпаз сияқты киінгенде, жеңімпаз сияқты ойлайсыз
және әрекет етесіз» – дейді Брайан Трейси. Әрине, киім
киісің өзіңді дамыту, біліміңді көтеру, ішкі ойыңды, ни-
етіңді басқару дегеннің бәрімен қатар, үйлесімді жүруі
керек.