6 – сурет. «Қышқыл жаңбырдың» пайда болу сызбанұсқасы. (В.П.Иванов, О.В.Васильева, Н.В.Иванова. Общая и медицинская экология. 2010 ж.) Көптеген түтін мұржаларынан таралатын азот және күкірт
тотықтарынан түсетін жаңбыр қала өсімдіктерін ғана емес, тіпті
адамдардың үстіндегі синтетикалық маталардың кейбір түрлерін
де бүлдірген, тыныс алу жолдары мен теріні тітіркендірген,
металл конструкциялардың коррозияға ұшырауын тездеткен,
тіпті
мәрмәр
мүсіндерді,
мысалы,
Италияның
тарихи
ескерткіштерінің бөлшектерін бүлдірген.