Дəрі Кіріспе. Биотехнологиялық процесстер жайында түсінік. Биотехнологияның даму сатылары. Халық шаруашылығының əр түрлі саласындағы биотехнологияның ролі



Pdf көрінісі
бет38/58
Дата06.01.2022
өлшемі1,69 Mb.
#15325
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   58
Байланысты:
Osnovy-BT-kaz.

Қажет өнімнің белгілері бойынша ферментация келесі типтерге бөлінеді: 

1)  микроағзалардың  биомассасының  өзі  қажет  өнім  болатын  ферментация.  Мұндай 

процестер қалыпты жағдайда «культивациялау», «өсіру» сөздерімен белгіленеді; 

2)  қажет  өнім  ретінде  биомассаның  өзі  емес,  метаболизм  өнімдері  –  клеткадан  тыс 

немесе клетка ішіндегі, мұндай процестер биосинтез процесі деп аталынады; 

3)  ферментация  мəселесі  бастапқы  ортаның  белгілі  компоненттерінің  жойылуы 

(утилизациясы)  болып  табылады,  мұндай  процестерге  биототығу  жəне  биодеградациялар 

жатады. 


Ферментация процесі жүретін негізгі фаза бойынша төмендегіше бөлінеді: 

1)  беттік (қатты фазалық) ферментация (агрегатты орталарда, бидайда культивациялау, 

сыр, жұжық өндірісі); 

2)  тереңдік  (сұйық  фазадалық)  ферментация,  онда  микроағзалардың  биомассасы  ауа 

немесе басқа газдар урленетін сұйық қорек ортада суспендерленеді; 

3)  газофазалық 

ферментация,  онда  процесс  микроағзалар  бекітілетін  қатты 

тасымалдауышта жүреді, бірақ тасымалдауыш бөлшектері қорек орта аэрозоліне байытылған 

газ ағынында ілініп жүреді. 

Микроағзалардың  өзінің  классификациясына  ұқсас  оттегіне  қатысты  аэробты, 

анаэробты жəне факультативті-анаэробты ферментацияға бөлінеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет