3. Сақиналы топология – сызғыш тәрізді топологиядағы бірінші және
соңғы процессорды байланыстыру нәтижесінде пайда болады.
4. Жұлдызша тәрізді топология – процессорлар жиыны басқарушы
процессормен бір сызықпен байланысады. (кейбір параллель
есептеулерде қолданылады).
5. Торлы топология (екі және үш өлшемді)- бұл жүйе тіктөртбұрыштан
тордан тұрады. (математикалық модельдеуден, дифференциалдық
теңдеулерді шешуде).
6. Топологияның тағы бір түрі –гиперкуб (торлы топологияның жеке
жағдайы). Бұл топология параллельді есептеулер орындалатын
процессорларда қолданылады.
Оның түрлері:
- бірөлшемді куб – түзумен байланысқан екі түйін.
- екіөлшемді куб – төрттүйінді квадрат.
- үшөлшемді куб – сегіз түйінді куб.
Яғни, N желімен байланысқан 2
n
процессорлардан тұрады.
Енді осы мәліметтер берілу желісі топологиясының сипаттамаларын беру
үшін мынадай көрсеткіштер прайдаланылады:
1) Желі диаметрі – кез-келген екі түйіннің арасын байланыстыратын ең
ұзын жол. Бұл шама процессорлар арасындағы мәліметтер берілуінің
максимальді уақытын сипаттайды. Себебі, мәлімет берілу уақыты жол
ұзындығына тура пропорциональды. N түйінді сақиналардың диаметрі
n/2 деп есептелінеді. Ал толық байланысқан желінің диаметрі 1-ге тең
(түйіндер санына тәуелсіз) деп есептеледі.
2) Есептеу құны – бұл шама, көппроцессорлы жүйедегі мәліметтер берілу
жолының (сызығының) саны.
Төменде мәліметтер берілу желісітопологиясына сипаттама берілген. (р-
процессорлар саны).
Достарыңызбен бөлісу: