Этанолдан тазарған төп колоннаның төменгі жағынан төпке арналған резервуарға қайта айдалады.
Альдегидтер десорбциаланады, конденсияланады және бөлігі қайта ағын ретінде пайдаланылады.
Ректификациялау секциясының бірнеше сатысынан сувиш майы бөлініп алынады [9, 55, 91].
Этанолдың қатысуы ақпасудағы оттектің химиялық қажеттілігін (ОХҚ) едәуір өсіретіндіктен, тиімді
айыру кезінде төптің құрамында 0,1% этанол болуы тиіс. Этанолдың әр 1% -на төптің ОХҚ 20 г/л
артығырақ өседі. Қалдық этанол құрамының әсер етуі ықтимал болғандықтан, айыруға тиісті бақылау
төптің ОХҚ-на қатты әсер бере алады.