Wiley жаңартылатын энергия


Бутанол in situ бөлу әдістері



Pdf көрінісі
бет216/289
Дата06.01.2022
өлшемі4,71 Mb.
#15710
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   289
Байланысты:
85ed3add3d2c01aa56fd50434f088231 original.4943233

 
9.6 Бутанол in situ бөлу әдістері 
Бутанол  өндірісіндегі  негізгі  мәселе  өнімді  өндірудің  жоғарғы  құны  болып  табылады. 
Дистилляция  ферментті  сорпадан  бутанол  алудың  ежелгі  әдістерінің  бірі  болып  табылады.  Алайда, 
дистилляцияны  қолданатын  дәстүрлі  жолмен  алу  жүйесі,  ферментті  сорпадағы  бутанолдың  төменгі 
концентрациясының  салдарынан,  өнім  алу  құнының  жоғарылығынан  зардап  шегіп  келеді  [4]. 
Еріткіштің  улылығы  мәселесін  шешу  және  пайдалану  шығындарын  төмендету  үшін,  газды  айдау, 
сіңіру,  сұйықты  сұйықтықпен  сіңіру,  первапорация,  перстракция  және  вакуумды  дистилляция 
сияқты,  in  situ  алудың  бірнеше  жүйесі  пайдаланылды.  Осы  жүйелердің  кез  келгенін,  өнеркәсіптік 
деңгейдегі  өндіріс  жүйесіне  қоспас  бұрын,  мұқият  зерделеуді  қажет  ететін,  әр  жүйенің  белгілі  бір 
артықшылықтары  мен  кемшіліктері  бар.  Айдау,  газбен  үрлеу,  первопорация,  перстракция  мен 
адсорбция әдістерін салыстыру 9.6 кестеде көрсетілген.       
Қалпына  келтіру  және  тазалау  процесстеріне,  өз  тарапынан  деформациялық  сипаттамаларына 
байланысты,  ферменттеу  процесінің  өнімділігі  үлен  ықпалын  тигізеді.  Мысалы,  өнімдегі  өте  төмен 
немесе  ацетонсыз  және  этанолсыз  бутанол  өндіру  үшін,  штамм  зат  алмасу  техникасына  ұшыраған 
кезде, тазарту процесі өте жеңілдетіледі. Ферменттеу процессінде бутанолға төзімді штамм қолдану, 
ферменттеу кезінде бутанолдың жоғарғы концентрациясына қол жеткізу мүмкін болғандықтан,  бұл 
қалпына келтіру процесін жеңілдетеді.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   289




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет