10.3.5 Гетеротрофтыөсірумен биодизель өндірісі Жоғары сапалы биодизельді отынын C. protothecoides, Nitzschia communis, Botryoccus braunii,
Dunaliella және Chaetoceros muelleri диатомды балдырларын шамамен 50-60% липидтерді биомассада
жинау арқылы алуға болады. Балдырлар түрлерінің бұл липидті құрамы кремний тапшылығымен,
фосфаттарды шектеумен, жоғары минералданумен және кадмий сияқты ауыр металдардың кейбір
кернеулерімен қосымша ұлғайтылуы мүмкін. Альгинат түйіршіктерінде Azospirillum brasilense
соиммобилизациялау онда липидтердің ұлғаюына алып келетіндігі анықталған [11].
Chlorella protothecoids микробалдырлар мен прототекоидтерді гетеротрофты өсіру арқылы жоғары
сапалы биодизельді алудың басқа тәсілі көміртегі көзі ретінде глюкоза орнына жүгері ұнтағының
гидролизатын пайдалану болып табылады. Гетеротрофты өсірілетін жасушалардан балдырлар майын
экстракциялауға еріткіш ретінде н-гексанмен майды экстракциялау және экстрагирленген майды
гетеролитикалық катализмен қышқылдық трансэстерификациялау жолымен қол жеткізуге болады
[96, 97].