Ііі. Есептің программасы


Глоссарий  Структура  –  бір  атпен  біріктірілген  бір  немесе  бірнеше  әр  түрлі  типті  айнымалылар  тобы.  Структура  struct



Pdf көрінісі
бет36/150
Дата06.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#15772
түріПрограмма
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   150
Байланысты:
baibaktina program

Глоссарий 
Структура  –  бір  атпен  біріктірілген  бір  немесе  бірнеше  әр  түрлі  типті 
айнымалылар  тобы.  Структура  struct  қызметші  сөзімен  құрылады.  Структураның 
жалпы құрылымы төмендегідей: 
struct тег { 


143 
 
   тип1 иден1; 
   тип2 иден2; 
       …     … 
   типN иденN; 
}; 
мұндағы  тег  мәліметтердің  жаңа  типі  болып  саналады  және  оны  айнымалыны 
сипаттауда қолдануға болады. 
Сипатталған структура негізінде айнымалы құру үшін 
struct <тег> <айнымалы> 
С++ тілінде struct қызметші сөзін көрсетпесе де болады: 
<тег> <айнымалы> 
Айнымалыны структураны құру кезінде де анықтауға болады: 
struct тег { 
   тип1 иден1; 
   тип2 иден2; 
       …     … 
   типN иденN; 
} <айнымалы>; 
Егер  структура  типті  басқа  айнымалылар  құрылмайтын  болса,  структура  тегін 
көрсетпеуге болады. Мұндай структура атаусыз (безымянный) деп аталады. 
Структуралар іштестірілген де болуы мүмкін: 
struct тег1 { 
   тип1 иден1; 
   тип2 иден2; 
   тип3 иден3; 
}; 
struct тег2 { 
   тип1 иден1; 
   тип2 иден2; 
   struct тег1  иден3; 
}; 
Коріп  отырғанымыздай  структура  элементтерін  нүкте  операторының 
көмегімен алуға болады, форматы мынадай: 
<айнымалы>.<элемент> 
Структура  элементтері  циклда  енгізілгенде  _flusshall()  –функциясы  кіріс 
легіндегі жаңа жол символын өшіруге, яғни буферді тазалауға қолданылады. Жаңа 
жол  символы  scanf(  )  функциясын  қолданғанда  қойылады.  Ал,  gets(  )  функциясы 
бұл таңбаға дейінгі символдарды ғана оқиды. 
Функцияға структура типті объектіні беру тәсілдері үш түрлі: 
1. 
Компоненттерін жеке-жеке беру. 


144 
 
2. 
Структураны толығымен беру. 
3. 
Структураға көрсеткішті беру. 
Көрсеткіш келесі түрде сипатталуы мүмкін:  
struct <тег> *<айнымалы> 
Бұндай  жағдайда  структуралық  айнымалының  кез-келген  элементін  мына 
әдістердің бірімен алуға болады:  
(*<айнымалы>).<элемент>    немесе    <айнымалы> –> <элемент> 
Әртүрлі  уақытта  әрүрлі  типті  және  әртүрлі  өлшемді  обьектілерді  сақтай  алатын  
айнымалы  –біріктіру  деп  аталады.  Өлшемдеріне  және  реттеуге  қатысты 
талаптарды  компилияция  орындайды.  Жадының  бір  аймағында  әртүрлі  мәндерді 
сақтауға мүмкіндіктері бар. 
Біріктіру синтаксисі структура синтаксисі секілді: 
                       Union unprim { 
                              Int iman; 
                               Float fman; 
                               Char  *sman; 
                             }  mainun; 
Си  тілінде  мәндер  типіне  жаңа  атау  беруге  болатын  құрал    -  typedef  құралы 
бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет