«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ ЕҢБЕК» КІРІКТІРІЛГЕН ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ
119 Іс-әрекетті жүзеге асыруға үйрену оқытудың мақсаты болып табылады.
2. Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтыңдамыта оқыту технологиясының
мақсаттары:
-
теориялық сана-сезім және ойлау қабілетін қалыптастыру, білімді
ғылыми ұғымдар деңгейінде меңгеру;
-
іс-әрекетті жүзеге асыруға үйрену;
-
балалардың оқу қызметінде ғылыми таным логикасын еске түсіру;
-
оқушылар мазмұнды қорытынды жасай білулері тиіс, яғни бастапқы
ұғымдарды нақтылау, іс-әрекетті ойша орындаудан нақты орындауға ауыса алу;
-
белгілер моделі түрінде берілген оқу іс-әрекетінің жаңа құралдарын
меңгеру.
3.
А.А.Востриковтың
диагностикалық
тура
дамыта
оқыту
технологиясының мақсаты:
-
туа біткен және өмір сүру барысында пайда болған қабілеттерді тура
дамыту және оларды оқу үдерісіне қосу;
-
баланың оқу және мінез-құлықтық енжарлығын серпінді жеңу;
-
баланың табысты іс-әрекет жасауына және ұйымдастырушылық
тәжірибесіне қажетті белсенділік қалыптастыру;
-
оқыту әдістерінің жүйесіне және мазмұнына енгізілген педагогикалық
психотерапия кешенінің көмегімен баланың жүйкелік мазасыздануын
болдырмау (денсаулық сақтау технологиялары және қолайлылық принципі);
-
құрбыларымен және отбасы мүшелерімен достық қарым-қатынас
қабілеттерін қалыптастыру және адамгершілік қасиеттерін дамыту;
-
жеке және топтық шығармашылық жұмыс істеу барысында ауқымды
ақпаратпен жұмыс істеу, сол ақпаратты күнделікті өмірде қолдану, іздеу, өңдеу
дағдыларын қалыптастыру және дамыту;
-
дамыған ақыл-парасат көрінісі ретінде сезім және жан толғанысы
мәдениетін дамыту;
4. Тұлғаның шығармашылық дарынын дамытуға бағытталған дамыта
оқыту жүйесінің мақсаттары (И. П. Волков, Г. С. Альтшуллер, И. П. Иванов):
-
шығармашылық қабілеттерді анықтау, есепке алу және дамыту;
-
оқушыларды нақты нәтиже алуға болатын шығармашылық іс-әрекетке
тарту;
-
шығармашылық қиялдың түрлерімен таныстыру;
-
ойлап тапқыштық міндеттерін шешуге үйрету;
-
құқықтық демократиялық қоғам құруға өз үлесін қосатын, қоғамның
мәдениетін арттыратын қоғамдық-белсенді тұлға тәрбиелеу.
5. И.С Якиманскаяның тұлғаға бағытталған дамыта оқыту
технологиясының мақсаты:
-
әр оқушының тұлғалық танымдық қабілеттерін дамыту;
-
баланың жеке тәжірибесін анықтау, ынталандыру, пайдалану;
-
баланың бойында бұрын пайда болған қасиеттерді қалыптастырмай, оның
өзін-өзі тануына, өз тағдырын өзі шешуіне көмектесу.
6.
А.А.Ухтомский және Г.К.Селевконың оқушы тұлғасының өздігінен