262
мерзімге енгізіледі. Осы мерзім өткенде Президент төтенше жағдайдың күшін жояды. Төтенше
жағдай енгізуге негіз болған жайттер жойылмаған жағдайда, Президент төтеше жағдайдың
күшін тиісінше 30 немесе 60 тәулікке бірнеше мәрте ұзартуға құқылы. Төтенше жағдайдың
қолданылу мерзімін ұзарту туралы Жарлықты Республика Парламенті бекітеді.
Мысалы: 2010 жылдың көктемгі су тасқыны кезінде Алматы облысының Қызылағаш
ауылын бөгетті бұзып кеткен су ауылды толайым алып кетті, нәтижесінде ауыл үйлері құлап,
лай көшкіні астында жергілікті халықтың қорадағы малдары қырылды, адам өлімі де біраз
болды.Сол сияқты осы жылы да көктемгі су тасқыны кезінде де Шығыс Қазақстан облысының
Тарбағатай ауылында да су тасқыны кезінде ауыл тұрғындарының тұрғын үйлерін су шайып
кетті, бірақ бұл ауылда адам өлімі болған жоқ, есесіне халықтың қорадағы малы қырылды.
Дүлей зілзалаға келсек ол апат та айтып келмейді, 2010 жылды мысалға келтірсек, Қа-
зақстанның көршілес Қытай мемлекетінде қатты жер сілкінісі болып, біраз үйлер қирап, біраз
адамдар қаза тапты.
Төтенше әкімшілік-құқықтық режимі азаматтардың конституциялық құқықтары мен
бостандықтарының шектелуімен, мекемелердің шаруашылық жүргізу қызметінің шектелуімен,
мемлекттік органдарға төтенше өкілеттік берумен, жеке және занды тұлғаларға қосымша
міндеттер жүктеумен сипатталады.
Төтенше әкімшілік-құқықтық режим үш түрге бөлінеді:
1) әскери жағдай режимі;
2) айрықша жағдай режимі;
3)төтенше жағдайдың құқықтық режимі.
Әскери жағдай режимі, Конституцияның 44-бабының 17-тармағына сәйкес, Республикаға
қарсы агрессия жасалғанда немесе Республиканың қауіпсіздігіне сырттан тікелей қатер төнген
жағдайда, Республиканың бүкіл аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде Президенттің
Жарлығымен енгізіледі және бұл туралы Республика Парламентіне дереу хабарлайды.
Айрықша жағдай режимі. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен, сонымен
қатар, Үкіметтің және әкімдердің жариялауымен енгізілуі мүмкін. Айрықша жағдай режимінің
кең тараған түрі "карантин" деп аталады.
Төтенше жағдайдың құқықтық режимі дегеніміз
— бұл төтенше жағдайлар қалыптасқан
аумақтағы тұрғындардың тіршілік әрекетін, заңды тұлғалардың шаруашылық жүргізу қызметін,
мемлекеттік органдардың қызметін, арнайы құқықтық реттеуге бағытталған іс-шаралардың
жиынтығы.Төтенше жағдайдың құқықтық режимі Конституцияның 44-бабының 16-тармақша-
сына сәйкес және "Төтенше жағдай туралы" Заңның 5-ші бабына сәйкес Президенттің Жарлы-
ғымен енгізіледі.
«Қазақстан Республикасының ІІО
туралы» Заңына сәйкес, ІІО, авария, өрт, дүлей апат және
басқада төтенше жағдайлар қалыптасқан кезеңде, сондай-ақ төтенше жағдайлардың зардаптарын
жою кезінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге міндетті
3
.
Достарыңызбен бөлісу: