Таныстырылымның құрылымы: Өз тәжірибесіне және әріптестерінің тәжірибесіне өзгеріс енгізу және ол өзгерістерді басқару туралы рефлексия (20-22 минут) Бұл таныстырылым төмендегі мәселелерді көрсететін алты слайд немесе алты плакаттан
тұрады:
• Өзгеріс енгізу нәтижесі мен оның мұғалімнің болашақтағы тәжірибесіне әсері:
9
Бағдарламаның жеті модулі тізбектелген сабақтар топтамасына қалай енгізілгенін
негіздеу;
9
модульдердің бірі тізбектелген сабақтар топтамасына қалай және неліктен енгізілді;
9
оқушының білім алғандығын растайтын дәлелдер;
9
оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс қалай және неге енгізілді, алдағы шаралар туралы
қорытынды (алдағы уақытта кәсіби тәжірибеге қандай өзгеріс енгізу керек).
Бұл таныстырылымда жоба барысын түсіндіруге тырыспау керек, мұнда
мұғалімнің білгеніне ғана емес, оның болашақта оқыту мен оқуда осы нәтижелерді қалай
пайдаланатындығына көңіл аударған жөн.
• Коучинг өткізу кезеңінде әріптестердің оқуын талдау, осындай оқу түрінің
дәлелдемесін қосу: коучинг сабақтарының қысқаша сипаттамасы; әріптестерінің не үйренгенін
түсіндіру және өз тұжырымдарын растау үшін дәлел ұсыну. Бұл дәлелдер мыналар болуы
мүмкін: сабақ барысында жасалған топтың фотосуреті, плакаттар, әріптестерінің сабаққа
берген бағамдауы, сабақта қаралған тақырыптың іске асырылғанын көрсетуге арналған, осы
сабақтан кейін жазылған әріптестердің оқу жоспарлары және т.с.с.
• Әріптестерінің біріне жүргізілген тәлімгерліктің тиімділігі, соның ішінде тәліптің
нені оқып-үйренгені мен қарастырылған шаралар мен тәсілдер тұрғысынан тәлім алушы
тәжірибесінің өзгергендігі туралы дәлелдер (мұғалім тәлім алушы әріптесінің не үйренгендігін
айғақтау үшін фотосуреттерді, бейнежазбалар мен артефактілерді, сабақ жоспарларын,
оқушылардың жұмыстары мен мұғалімнің қойған бағаларын пайдалана алады).