Бағдарламасы мұҒалімге арналған нұСҚаулық


Мұғалім жүргізетін дамыту жұмысы (МЖДЖ)



Pdf көрінісі
бет30/440
Дата06.01.2022
өлшемі4,87 Mb.
#15964
түріБағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   440
Байланысты:
Ба дарламасы м алімге арнал ан н С аулы

Мұғалім жүргізетін дамыту жұмысы (МЖДЖ)
Мұғалім  жүргізетін  дамыту  жұмысы  жоғарыда  аталған  барлық  іс-әрекеттерді  қамтуы 
мүмкін. Дамыту бойынша жүргізілетін жұмыс басқаларды серіктестікке тартып, рефлексия мен 
өзін-өзі бағалауға қатыстыратын тапсырмаларды қамтиды. Мұндай іс-шаралар жиі өткізіліп 
тұруы  мүмкін,  мысалы:  әріптестер  арасындағы  пікірталастар,  желіде  орналастырылған 
есепті оқу, оқушылардың өздерінің іс-тәжірибелері туралы пікірлерін жинау, әріптестерімен 
іс-тәжірибе алмасу мақсатында басқа сыныптардың сабақтарына қатысу. Дәл осы жағдайда 
зерттеу үдерісті аяқтау үшін емес, диалог жүргізу үшін ізденудің негізгі стратегиясы болып 
табылады. Бұл үдерістер ауқымы мен көлемі бойынша азғантай ғана болуы мүмкін, бірақ олар 
педагогикалық пікірталас қалыпты жағдай деп санайтын ортада мәдениеттің қалыптасуы мен 
жаңаруына үлес қоса алады.
Мұғалiмдер  дамыту  жұмыстарын  жүргізу  барысында  рефлексия,  жоспар  құру,  кеңес 
беруді біртіндеп жүзеге асыру арқылы қолдау таба алады. Алғашқы қадам – әрбір ұстаз үшін 
маңызды шешімді талап ететін құндылықтар мен мәселелерді анықтау. Келесі қадам – өзгеріс 
енгізу жөнінде әріптестерінің кеңестері. Осы әрекет басымдықтарын ұғыну мен келiсу бой-
ынша  атқарылған  жұмыстардан  соң  мектептегі  мәжiлiсте  қаралып,  мақұлдануы  мүмкін. 
Мақұлданған соң мұғалім өзінің мәселесі бойынша нақты жоспар құра бастайды. Бұл жоспар 
жүзеге асатындай және оның құрамына кіретін әрбір әлеуетті қатысушы оны талқылай ала-
тындай болу керек. Егер бұл келісу мен кеңесу үдерісі тиімді өтсе, онда дамыту жұмысы да 
жоспар бойынша жүзеге асырылады. Дегенмен мұндай жұмыс тәжірибелі мұғалімдер тара-
пынан ұйымдастырылып, қолдау көрсетілгені маңызды. Бізге олардың мектеп құрылымы мен 
дамыту басымдықтары туралы пікірі қажет, себебі олардың кеңесі мен жетекшілігі өте құнды.
Бұл үдеріс жалпы түрде төмендегідей кезеңдерде айқындалады.
1-кезең. Құндылықтарды анықтау.
2-кезең. Кәсіби міндеттерді анықтау.
3-кезең. Дамыту бағдарламасын құруға арналған келісім мен кеңестер.
4-кезең. Атқарылатын жұмыстардың жоспарын құру.
5-кезең. Атқарылатын жұмыстардың жоспарын құруға арналған келісім мен кеңестер.
6-кезең. Зерттеуге негiзделген дамыту жұмысындағы көшбасшылық.


20
7-кезең. Кәсiби бiлiмнiң дамуына ықпал ететін қоғамдастықтағы жұмыс.
Дамытудағы  көшбасшылық  мектепте  жаңа  білімді  қалыптастырады,  дегенмен  мектеп-
тен тыс жерде алынған жаңа білімдерді беру де мұғалімнің өз мектебіне орасан зор пайдасын 
тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет