Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет125/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   542
Терінің тыныстық қызметі. Организмдегі газ алмасуда тері 

де маңызды рөл атқарады. Егер иттің терісіне ауа өткізбейтін 




153

лак жағып тастаса, дене жылуы 250-қа дейін төмендеп, сыртқы 

тамырлар босайды да, қан жүрек пен өкпеге жиналады, ит 

тұншығады. Мұндай иттер зəр өзектері қиылып тасталған ит-

терден жылдамырақ өледі. Жылқы мен қоянның терілерін ауа 

өткізбейтін нəрсемен жауып қойса, олардың тəбеті жойылып, ор-

ганизм əлсірейді, денелері дірілдеп, тынысы жиілейді, темпера-

турасы төмендеп, жануарлар 12-40 сағат ішінде өліп кетеді.

Тері дем алуды жеңілдетіп, көмір қышқыл газын бөлуде үлкен 

рөл атқарады. Тері арқылы да газдар атмосфералық ауа, ұлпалық 

сұйық жəне тері капиллярлары арасындағы үлес қысым айырма-

сына сəйкес алмасады. Терінің беткейі альвеолалардың жалпы 

беткейінен 100 есе кем. Соған қарамай қалыпты жағдайда тері 

арқылы организмнен шығатын көмір қышқыл газының шама-

мен 1-1,5 пайызы бөлініп, дəл осы мөлшерде оттегі сіңеді. Де-

мек, өлшем бірлігіне шаққанда өкпе мен терінің газды алмастыру 

қарқыны шамалас.

Газдардың тері арқылы алмасу қарқынына түрлі фактор-

лар əсер етеді. Ол дене жұмысы кезінде, ауаның жылылығы 

жоғарылағанда, атмосфералық қысым төмендегенде күшейеді. 

Терінің газ алмастыру қызметі организмнің физиологиялық 

күйіне қарай өзгере береді. Мысалы, денеге кофеин егу арқылы 

үлкен ми қыртысының қозғыштығын жоғарылатса, өкпе мен тері 

арқылы көмір қышқыл газының бөлінуі артады, ал бром еккенде 

бəсеңдейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет