Оқулық. Алматы: жшс рпбк


-сызба. Гормондардың белок алмасуына əсері



Pdf көрінісі
бет212/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   542
10-сызба. Гормондардың белок алмасуына əсері

Күйіс малы организміндегі белок алмасуының ерекше-

ліктері. Күйіс малында ас қорыту жолдарының құрылысына бай-

ланысты белоктар алмасуында біршама ерекшеліктер байқалады. 

Оның негізінде мал организмі мен ас қорыту жолының микро-

организмдері арасындағы селбестік жатады. Азық құрамындағы 

азоттың 60 пайызға жуығы микроорганизмдер əрекетінің нəти-

жесінде қорытылып, олардың басым бөлігі микроорганизмдер 

денесінің белогын түзуге қажет амин қышқылдары мен пеп-

тидтерді синтездеуге пайдаланылады. 

Күйіс малының ішегінен сіңірілетін амин қышқылдарының 

үш түрлі көзі болады: 1) қарынның алдыңғы бөлігінен қорытыл-

май өткен азық құрамындағы белоктар, пептидтер жəне амин 

қышқылдары; 2) қарыннан өткен микроорганизмдер денесі (олар 

амин қышқылдарының негізгі көзі); 3) ішек қуысына қаннан 

өткен немесе кілегейлі қабықтан үзіліп түскен эпителий торшала-

18–888



274

ры құрамындағы эндогенді белоктар. Аталған азотты заттардың 

негізгі бөлігі (80 пайыз шамасында) ащы ішекте қорытылады да, 

қалғаны тоқ ішекте ыдырайды.

Қанға сіңген амин қышқылдарынан ұлпаларда организм-

ге тəн белоктар түзіледі. Демек, күйіс малында белок екі мəрте 

синтезделеді: алдымен мес қарында аммиак пен амин қышқыл-

дарынан, екінші рет ұлпаларда қанға сіңген амин қыш 

қыл да-

рынан. Күйіс малында аммиак та екі рет: мес карында өсімдік 

бе 

локтарының қорытылуы барысында жəне ұлпаларда - амин 



қышқылдарын аминсіздеу нəтижесінде түзіледі. 

Күйіс малына азоттың мес қарын - бауырлық айналымы тəн. 

Бұл құбылыстың биологиялық мəні зор. Ол микроорганизмдер 

əрекетімен түзілген несепнəрді қайта ыдыратып, организмдегі 

азот қорын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. 

Мес қарын микроорганизмдерінің əрекетімен көптеген амин 

қышқылдары, соның ішінде алмастырылмайтын қышқылдар 

да түзіледі, сондықтан күйіс малы азықтың амин қышқылдық 

құрамына онша тəуелді болмайды деген ұғым қалыптасқан. Қазіргі 

кезде малдың, əсіресе, мол өнімді малдың, амин қышқылдарға де-

ген мұқтаждығын микробиологиялық синтез толық қамтамасыз 

ете алмайтыны дəлелденді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет