Оқулық. Алматы: жшс рпбк


-кесте. Қан плазмасы мен зəрдің салыстырмалы құрамы



Pdf көрінісі
бет258/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   542
31-кесте. Қан плазмасы мен зəрдің салыстырмалы құрамы

Салыстырылатын 

заттар

Плазма


Зəр (%)

Заттардың зəрдегі 

концентрациясының 

еселеп өсуі

Су

Белоктар, майлар, 



басқа коллоидтар 

Декстроза 

Несепнəр 

Несеп қышқылы

Натрий 

Калий 


Аммиак 

Кальций 


Магний 

Хлор 


Фосфаттар 

Күкірт 


Креатинин 

90-93


7-9

0,1


0,03

0,002


0,32

0,02


0,001

0,008 


0,0025

0,370


0,009

0,002


0,001

95

-



-

2,0


0,05

0,35


0,15

0,04


0,0015   

0.0060


0,60

0,27


0,18

0,10


-

-

-



60

25

1



7

40

2



2

  2


2

30

90



100

Бүйрек түтікшелерінің белсенді əрекетін қан плазмасы мен 

зəр құрамындағы сульфаттардың мөлшерін салыстыра отырып, 

анықтауға болады. Кестеде көрсетілгендей плазмада сульфат-

тар 0,002 пайыз мөлшерінде кездеседі де, зəр құрамында ол 18 

пайызға, немесе 90 есе өседі (0,18:0,002 = 90). Егер плазмадан 

алғашқы зəр құрамына өткен сульфаттардың кері сорылмайты-

нын ескерсек, онда 1 л зəр пайда болу үшін 90 л алғашқы зəр 

түзілу керектігін есептеп шығару қиын емес.

Алғашқы зəр құрамындағы заттар шығару табалдырығы 



жоғары жəне шығару табалдырығы төмен заттар болып екі 

топқа бөлінеді. Бірінші топқа алғашқы зəрден қанға кері соры-




328

латын қосылыстар (қант, хлоридтер, фосфаттар, калий, каль-

ций, натрий, несеп қышқылы) жатады. Бұл заттар нағыз зəрде 

тек қандағы концентрациясы шектен тыс жоғарылағанда ғана 

байқалады. Мысалы, қоректік гипергликемия, диабет ауруы зəрде 

қанттың пайда болуына соқтырады. Бүйрек түтікшелерінен қанға 

қайта сорылмайтын заттар шығару табалдырығы төмен зат-

тар деп аталады. Оларға сульфаттар, креатинин, несепнəр жа-

тады. Бұл заттар организмнен толығымен нағыз зəр құрамында 

шығарылады.

Зат алмасу өнімдерін (несепнəр, несеп қышқылы, индикан, 

уробилин, т.б.) бөлумен қатар, бүйректе синтетикалық про-

цестер де жүреді. Мысалы, гиппур қышқылы қанда жоқ, ол 

бүйрек ұлпасында түзіліп, зəр құрамына енеді. Зəр құрамындағы 

аммиактың, креатининнің де көп мөлшері бүйректің өзінде 

түзіледі. Демек, зəр түзу процесі тек қана сүзу жəне кері сору 

негізінде жүрмейді, ол бүйрек торшаларының белсенді əре-

кетінің нəтижесінде атқарылады. Секрециялық қызметтің 

арқа сында бүйрек арқылы организмге енген дəрі-дəрмектер 

шығады. Белсенді секреция нəтижесінде түтікше маңындағы 

капиллярлардағы қаннан нашар немесе тіпті сүзілмейтін заттар 

шығарылады.

Бүйректің экскрециялау қызметін «клиренс» (тазарту) деген

түсінікпен сипаттайды. Бүйрек клиренсін бір минут ішінде белгілі

бір заттар тазарған плазма мөлшерімен (мл) анықтайды. Клиренсті 

анықтау үшін белгіленген заттың зəр мен плазма құрамындағы 

мөлшерін жəне минуттық диурезді (түзілген зəрді) біліп, мына

формуламен есептейді: С = Vv:Р, мұнда, С - клиренс (мл/мин);

V- заттың зəрдегі мөлшері; v- минуттық диурез (мл); Р - заттың 

плазмадағы мөлшері.

Бүйректе төменде аталған биоло 

гия 

лық белсенді заттар да 



түзіледі. 

1. Ренин гормоны, оның секрециясы бүйрек артериясындағы 

қан қысымы төмендесе, қандағы натрий иондарының мөлшері 

азайса, күшейеді. Бұл зат қан тамырлары арнасын тарылтып, қан 

қысымын жоғарылатады.

2. Эритрогенин, ол плазмадағы эритропоэтиногенді эритро-

поэтинге айналдырады.

3.  Кининогенин, ол нефрон түтікшелерінің дистальдық бө-

лігіндегі қалың дақ аймағында түзіліп, кининогенді кининге ай-

налдырады.

4. Медуллин (простагландин А

2

), бүйректің бозғылт қабатында 

түзіліп, бүйректегі қан айналымды жақсартады, қанның бүй-




329

ректегі қыртыстық жəне бозғылт заттардың арасында таралуын 

реттейді, натрий иондарының бөлінуін арттырып, ангиотензин 

ІІ-нің тамыр тарылтар əсерін төмендетеді, тамырларды кеңейтеді 

(антигипертензивтік əсер етеді).

5. Урокиназа - плазминоген əрекетін жандандырады (фибри-

нолиздік фактор).

6. Д



3

 дəрмендəрісі - бүйрек түтікшелерінде кальций мен анор-

ганикалық фосфордың реабсорбциясын реттейді. Оның бүйректе 

түзілетін туындылары кальцийдің ішектен сорылуын жақсартып, 

сүйектің қатаюына ықпал етеді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет