Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет297/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

134-сурет. Сперматогенез жəне 

овогенез схемасы: Сперматогенез: 

1 - сперматогониялар, 2 - бірінші реттік 

сперматоцит, 3 - екінші реттік сперма-

тоцит, 4 - сперматоциттер, 5 - спермия-

лар. Сперматозоид: 1 - торша басы, 

2 - мойыны, 3 - тұлғасы, 4 - құйрығы, 

5 - акросома, 6 - ядро, 7 - мембрана, 

8 - центриолалар, 9-орталық жіпше, 

10 - шиыршықты жіпше. а - көбею, 

б - өсу, в-жетілу, г - қалыптасу кезең-

дері. Овогенез: 1 - овогонийлер, 2 - бі-

рінші реттік овоцит, 3 - екінші реттік 

овоцит, 3а - бірінші бағыттаушы дене-

шік, 3б-екінші бағыттаушы денешік, 

4 - гамета (жұмыртқа)




392

қозғалғыштық қасиетке ие болады. Содан кейін аталық торша-

лар  тік түтікшелер, ен торы, еннің шығару өзегі арқылы ен 

қосалқысына өтеді.

Ен қосалқысы үш бөлікке – қосалқы басына, тұлғасына 

жəне құйрығына, бөлінеді. Қосалқы өзегі - ирек түтікше. Оның 

ұзындығы 50 метрден (қошқарда) 85 метрге дейін (айғырда) 

жетеді. Қосалқы басының өзегі өте жіңішке (0,1-0,2 мм) келеді де, 

ол бірте-бірте кеңейіп, құйрық бөлігінде оның диаметрі 1-2 мм 

дейін өседі. Ішкі жағынан өзек əлсіз қышқыл реакциялы секрет 

бөлетін биік цилиндр пішінді эпителиймен көмкерілген.

Ен қосалқысы өзегінде спермийлер өте көп мөлшерде (бұқада 

20-40 млрд) жиналады. Бұл жерде олар 8-20 күн аралығында 

біраз морфофункциялық өзгерістерден өтеді. Қосалқы өзегінің 

оттексіз қышқыл ортасында спермийлер əбден жетіліп, анабиоз 

жағдайына келеді, тығыз липопротеидті қабыққа оралып, теріс 

зарядқа ие болады, олардың антигендік қасиеттері өзгереді. Бұл 

оларды ортаның қолайсыз əсерлерінен, ісініп кетуден, жабы-

сып қалудан сақтайды. Ен қосалқысында спермийлердің жетілуі 

барысында цитоплазмада шашылып жатқан митохондриялар 

орталық жіпше маңына жинақталады. Бұл спермийлер қозғалған 

кезде оларды қуатпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ен қосалқысы қан жəне лимфа тамырларымен, жүйке тал-

шықтарымен жақсы жабдықталған. Осының арқасында спер-

мийлер қажетті мөлшерде қоректік заттармен қамтамасыз етіледі 

де, алмасу өнімдері жинақталмай, дер кезінде шығарылып оты-

рады. Қолайлы жағдайлардың туғызылуымен байланысты ен 

қосалқысы құйрығында спермийлердің өміршеңдік қабілеті ұзақ 

уақыт (1–2) ай бойына сақталады.

Аталық жыныс торшаларының түзілу, жетілу жəне сақталу 

процестері дене температурасынан 3-40С төмен жағдайда өтеді. 

Бұл аталық бездің құрсақ қуысынан тыс орналасуымен байланыс-

ты. Ен температурасын реттеуде ұма терісі мен еттері зор рөл 

атқарады. Ыстық кезде ұма еттері мен енбау босаңсып, ен салбы-

рап кетеді де, ұмадан тер бөлініп, булану нəтижесінде темпера-

тура төмендейді. Суық кезде ұма еттері жиырылып, тері бүріседі 

де, ен құрсақ қабырғасына тартылады, қан тамырлары тарылып, 

жылу бөлу азаяды. Ен температурасының 38-400С-ға дейін жо-

ғарылауы қалыптасқан спермийлердің бұзылуына, олардың түзі-

луінің тоқтауына соқтырады. Сондықтан екі жақты крипторхизм 

(еннің ұмаға түспеуі) жағдайында аталық торшалардың түзілуі 

бұзылып, аталық мал ұрықтандыру қабілетінен айырылады.




393

Ен қосалқысы өзегінің жалғасы шəуеттік жол деп аталады. 

Ол оң жəне сол жол болып бөлінеді. Шəуеттік жол жіңішке түтік 

ретінде шаттың сақина тесігі арқылы ен бауының ішімен құрсақ 

қуысына өтеді де, қуықтың үстіңгі жағымен жүре отырып, несеп-

жыныс өзегінің жамбастық бөлігімен жалғасады.



Шəуеттік жолдың қызметі - шəуетті ен қосалқысынан не-

сеп-жыныс өзегіне жеткізу. Оның қабырғасы үш қабаттан: 

кілегейлі, етті жəне сірлі қабықтардан тұрады. Жолдың кілегейлі 

қабығы жыбырлағыш эпителиймен астарланған. Етті қабат бой-

лама жəне сақиналы ет талшықтарынан құралған, олардың жиы-

рылуы нəтижесінде шəует шəуеттік жолмен жылжиды.



Несеп-жыныс өзегінің жамбастық бөлігінде қосалқы жыныс 

бездерінің (көпіршік тəрізді, қуық алды, баданалық (купер) жəне 

уретралық) өзектері ашылады. Айғырда көпіршік тəрізді бездер 

қою, шұбалыңқы, ал бұқа мен қошқарда - сұйық секрет бөледі. 

Қуық безі айғыр мен қабанда жақсы жетілген, олар сұйық секрет 

бөледі. Бұл без бұқа мен қошқарда нашар дамыған. Баданалық без 

қабандарда жақсы жетілген, ол жабысқақ секрет бөледі. Қосалқы 

без секреттері шəуетті сұйылтады, сперматозоидтардың қимылын 

жандандырады, несеп-жыныс өзегін шайып, зəр қалдығынан та-

зартады.


Несеп-жыныс өзегі жамбас қуысының төменгі жағымен шон-

данай доғасына дейін барады да, күрт төмен бұрылып, жыныстық 

мүше құрамына кіреді.

Жыныстық мүше - ұзынша пішінді, қос кеуекті (каверноз-

ды) денеден жəне несеп-жыныс өзегінен тұратын орган. Несеп-

жыныс өзегі жыныстық мүшенің астыңғы жағында, кеуекті де-

нелер арасындағы сайда орналасады. Жыныстық мүше арқылы 

шəует аналық жыныс мүшесіне ендіріледі, зəр бөлінеді.

Жыныстық мүше түбір, дене жəне бас бөліктерге бөлінеді. 

Кеуекті денелер түбірінен екі айырылып, аяқшалар арқылы 

жамбастың шонданай доғасына бекиді. Əр аяқша мықты 

дамыған шонданай-кеуектік етпен оралған. Аяқшалар біріге келе 

жыныстық мүше құрайды. Оның сүйірлене біткен басында несеп-

жыныс өзегі ашылады.

Кеуекті денелер сырт жағынан тығыз дəнекер ұлпалы қабықпен 

қапталған. Одан кеуекті денені көптеген үңгір-қуыстарға (кавер-

на) бөлетін перделер тарайды. Бұл перделер ет талшықтарымен 

жабдықталған жəне олар қиылыса келе кеуекті тор құрайды. 

Үңгір қуыстар іш жағынан эндотелиймен көмкеріліп, түрленген 

тамыр арнасын құрайды. Жыныстық қозу кезінде үңгір қуыстар 



394

қанға толып, шонданай-кеуектік еттің жиырылуы нəтижесінде 

вена қанының ағысы бөгеледі де, жыныстық мүшенің көлемі 

үлкейеді, ол қатаяды. Бұл құбылысты қобу (эрекция) деп атайды.

Жыныстық мүшенің бас бөлімі екі қатпарлы тері бүкпесі - 

күпек ішінде орналасады. Күпек сырт жағынан терімен қапталған, 

ал оның ішкі беті жұқа көп қабатты эпителиймен көмкерілген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет