Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет312/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   308   309   310   311   312   313   314   315   ...   542
139-сурет. Ұрықтанбаған аналық торша: 

А - шошқа, Б - бие, В - саулық торшасы.

Жұмыртқа өздігінен қозғала алмайды. Фолликуладан босан-

ған ооцит жұмыртқалық жолға түседі де, оның бойымен осы 

тү 


тікше қимылының арқасында жылжиды. Жұмыртқалық жол 

қабырғасының толқынды қимылдары қарсы толқынды қимыл-

дармен алмасып отырады, сондықтан жұмыртқа түтік бойымен 

өте баяу жылжиды. Жұмыртқа өміршеңдік қабілетін де ұзақ 

сақтамайды. Егер овуляциядан соң 6-10 сағат ішінде спермиймен 

кездеспесе, олардың құрылымы өзгеріп, цитоплазмасы бүріседі 

де, торша өліп қалады.

Спермий мен жұмыртқа жұмыртқалық жолдың аналық без-

ге жақын ұшында кездеседі. Осы аталық жəне аналық жы-

ныс торшаларының қосылып, ұрық (зигота - шарана) түзілуін 



ұрықтану деп атайды.

Бұрын спермийлер мен жұмыртқаның кездесуін хемотак-

сис құбылысымен түсіндіріп келген. (Бұл болжам бойынша 

жұмыртқадан бөлінген заттар аталық жыныс торшаларын өзіне 

тартады). Қазіргі кезде аталық жəне аналық жыныс торша-

лары кездейсоқ кездеседі деген ұғым қалыптасты. Демек, 




411

спермийлердің көп болуы торшалардың кездесу мүмкіндігін 

арттырады. Бірақ жұмыртқа бөлген кіші молекулалы заттар 

спермийлерді тартпағанымен, олардың қимылын күшейтіп, 

қозғалу қабілетінің ұзақ сақталуына ықпал етеді.

Спермий жұмыртқамен жанасқаннан соң аналық торша 

қабығына жабысады да, ооплазмаға ене бастайды. Бұл процесс 

акросома (масақ) көмегімен онда жүретін күрделі өзгерістердің 

(акросомалық реакциялардың) нəтижесінде атқарылады. Спер-

мийлер жұмыртқамен жанасқан соң оның бас бөлігінің плазмалық 

жəне сыртқы акросомалық мембраналары бір-бірімен бірнеше 

жерден жабысады да, осы жерлерде тесіктер пайда болып, олар 

арқылы сыртқа сəулелі желі қабатының фолликулалық торша-

ларын біріктіріп тұрған іркілдек затты ерітетін гиалуронидаза 

мен акросомалық протеиназа ферменттері бөлінеді. Осының 

нəтижесінде спермийлерге жұмыртқаның меншікті қабығына 

- мөлдір қабыққа, жол ашылады. Осыдан кейін жабысқан мем-

браналар көптеген майда көпіршіктерге ыдырап (көпіршіктену 



процесі), спермий теңбіл мембранаға оранып қалады (140-сурет). 

Бұл мембрана спермийдің бас бөлігінде ішкі акросомалық мем-

бранадан, ал құйрық жағында плазмалық мембранадан құралған. 

Ішкі акросомалық мембрананың еріткіш ферменттерінің əрекеті 

арқасында спермий мөлдір қабықтан өтеді. Одан əрі спермий 

жұмыртқаның плазмалық (сарыуыздық) мембранасына бас жа-

ғының бүйір бетімен жабысады. Осыдан кейін спермий құй-

рығының қимылы тиылып, торшалардың плазмалық мембрана-

лары бірігеді де, спермийдің басы ооплазмаға енеді (141-сурет). 

Жыныс жолына жаңа ғана бөлінген 

спермийлер акросомалық реакция 

жүргізе алмайды, демек жұмыртқамен 

қосылмайды. Бұл қабілет олар капа-

цитациядан өткеннен соң ғана пайда 

болады.

Жыныс торшаларының плазма-

лық мембраналарының қосы 

луы 


жұмыртқаның “оянуына“ түрткі бо-

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   308   309   310   311   312   313   314   315   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет