Оқулық. Алматы: жшс рпбк


-сурет. Жоғары дəрежелі жүйкелік əрекеттің типтері 635



Pdf көрінісі
бет472/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   468   469   470   471   472   473   474   475   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

235-сурет. Жоғары дəрежелі жүйкелік əрекеттің типтері


635

рына бейімділігі нашар келеді, мал жиі ауырады, қорқақ, 

жас  қаншақ  болады.

И. П. Павлов ұсынған жоғары дəрежелі жүйкелік қызметтің 

нұсқалары Гиппократтың адам темпераментін жіктеуімен сəйкес 

келеді. Дегенмен, тек нақтылы бір типке ғана жататын өкілдер си-

рек кездеседі. Негізінен, жануарлар əртүрлі типтердің жиынтығы 

немесе бір тип пен екінші типтің аралық нұсқасы болып келеді. 

Жоғары дəрежелі жүйкелік қызметке тəн типтік ерекшеліктер 

өте ерте, төл туған кезде қалыптасқанымен, жүйкелік процестер 

тіршілік барысында жетіле, нығая түседі, оның жылжығыштық 

қасиеті үйрету кезінде, сыртқы орта жағдайына қарай өзгереді, 

жақсарады.

Жануардың жоғары дəрежелі жүйкелік қызметінің ерекше-

ліктері малдың өнімділігіне, оны шаруашылықта пайдалану мер-

зіміне ықпал етеді. Мысалы, сиырдың сүттілігі, сүтінің майлы-

лығы, саууға ыңғайлығы жоғары дəрежелі жүйкелік қызмет 

ти 


піне байлынысты өзгеріп отыратыны анықталған. Жүйке 

қыз меті ширақ жануарлар сүтті келеді. Мұндай сиырлар күтіп-

бағу жағдайларына тез көндігіп, азықты тиімді пайдаланады. 

Əлсіз типке жататын сиырлар сүтсіз келеді, олар ерте суалып 

кетеді. Бұл типтің бұқаларында жыныстық рефлекстер нашар 

атқарылады, олардан ұрық алу қиынға соғады. Оларды сыртқы 

тежеуші əсерлерден қорғап, қатал тəртіппен пайдаланған жөн.

Ұстамсыз типке жататын бұқалар асау болады, оларды дұрыс 

пайдаланбағанда жыныстық дəрменсіздік байқалады. Мұндай 

бұқалардан ұрықты кез келген уақытта алуға болады, бірақ шəует 

сапасы төмен, мөлшері аз келеді.

Ширақ типті бұқалар сыртқы орта жағдайына жақсы бейім-

дел генімен, бірыңғай жағдайда пайдалану оларды қажытады, 

мінезіне теріс əсер етеді.

Инертті типті бұқалар ұрық алу үстінде баяу қозады, бірақ са-

палы шəует береді. Оларға төзімділік тəн. Дұрыс азықтандырып 

күтіп-баққан жағдайда оларды шаруашылықта ұзақ уақыт тиімді 

пайдалануға болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   468   469   470   471   472   473   474   475   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет