22.3. Малдың биік тау жағдайларына бейімделуі
Үлкен биіктікте ауа сирейді, оттегі мөлшері азаяды. Осы-
мен байланысты тау жағдайына бейімделу екі бағытта жүреді.
Бір жағынан ауадағы оттегіні тиімді сіңіріп, ұлпаларға шапшаң
жеткізуді қамтамасыз ететін механизмдер дамиды. Екінші жа-
ғынан, ұлпалардың оттегі тапшылығы жағдайында тіршілік ету
қабілеті қалыптасады, организмнің не оның жеке бөліктерінің
тіршілік əрекеті төмендеп, олардың оттегіні пайдалану қарқыны
кемиді. Бейімделу реакциясының сипаты таудың теңіз деңгейінен
биіктігіне байланысты. Халықаралық жіктеуге сəйкес биіктік
теңіз бетінен 1000 м шамасында болса, оны орташа, ал 2000 м
болса, биік тау жағдайы деп саналады.
Жоғары биіктік жағдайында үй жануарлары оттегі таш-
пылығына 20-25 күн ішінде бейімделеді жəне бұл процесс үш
сатыда өтеді. Алғашқы кезеңде өкпенің желдетілуі күшейіп,
қан айналым шапшандайды, қордағы қан айналымға қосылып,
қан құрамындағы эритроциттер саны өседі, қан ферменттерінің
белсенділігі артады, қышқыл-сілтілік тепе-теңдік өзгереді.
Бұлар атмосфералық қысымның төмендеуіне, ауадағы оттегі
мөл шерінің азаюына қайтарылған реакциялар болып табыла-
ды. Осыдан кейін қандағы гемоглобин мөлшері көбейіп, ұл-
палық ферменттердің белсенділігі жоғарылайды. Бейімделудің
үшінші сатысында анаэробты гликолиз күшейіп, оттегіні пай-
далану көрсеткіші төмендейді, организмнің жалпы төзімділігі
жоғарылайды. Бастапқы функционалдық бейімделу кезеңінде ор-
ганизм көп қуат шығындайды, ал кейінірек зат алмасу процесінің
қарқыны төменгі деңгейде тұрақтайды.
Тау жағдайында оттегінің үлес қысымының төмендеуіне бар-
лық органдар бір деңгейде реакция бермейді. Оттегі тапшылы-
ғына ми жарты шарлары қыртысының, тамыр қозғағыш жəне
тыныс орталықтарының нейрондары, көздің торлы қабығының
рецепторлары өте сезімтал келеді. Бүйрек, бауыр, жүрек еттері
оттегі тапшылығына онша сезімтал емес. Ал бұлшық ет пен
бірыңғай салалы еттер ұзақ мерзім бойына оттегінсіз тіршілік
қабілетін сақтайды.
А. Д. Слоним деректеріне сəйкес тауға көтерілу барысын-
да қой қанының оттегімен қанығу дəрежесі төмендейді, бірақ
693
қандағы гемоглобин мөлшері мен эритроциттер саны өседі, ты-
ныс жиі
лейді, газ алмасу күшейеді. Тауда 1,5-2 ай болғаннан
кейін бұл көрсеткіштер белгілі деңгейде тұрақталады.
Биік тау жағдайында тіршілік ететін жануарлар түрлеріне
терең бейімделу реакциялары тəн. Мұндай жануарларда эритро-
поэз қарқынды жүріп, гемоглобиннің оттегімен қосылу қабілеті
жоғарылайды, ұлпалық реакциялар өзгеріп, олар оттегі қысымы
төмендеген жағдайдың өзінде қалыпты газ алмасу деңгейін
қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |