86
Жүректен бір минутта өтетін қанның мөлшерін жүректің
минуттық сыйымдылығы деп атайды. Оның мөлшері түлік түріне,
малдың жасына, тұқымына қарай өзгеріп отырады. Жүректің
минуттық сыйымдылығын оның систолалық сыйымдылығын
соғу жиілігіне көбейту арқылы анықтайды. Жылқыда жүректің
минуттық сыйымдылығы 20-30 л болса, сиырда – 40-50 л тең.
Жүректің минуттық сыйымдылығын малды жұмыспен шы-
нықтыру арқылы өзгертуге болады. Жұмыс кезінде əдетте, жү-
ректің минуттық сыйымдылығы көбейеді. Шынықпаған орга-
низмде ол жүректің соғуының жиілігі, ал шыныққан организмде
систолалық сыйымдылықтың артуы арқылы өседі. Жүректің
қағу жиілігі шексіз өсе алмайды, сондықтан бұл механизмнің
мүм кіндігі онша зор емес. Ал жақсы шыныққан организмде жұ-
мыстың басында жүректің систолалық сыйымдылығы өседі де,
тек соңынан ғана оның қағу жиілігі артады.
Жүректің минуттық сыйымдылығын мына əдістермен зерт-
тейді.
1) Белгілі бір уақыт аралығында мал қабылдаған оттегі
нің
мөл шерін анықтап, оның артерия жəне вена қанындағы деңгей ін
өлшеу арқылы; Мысалы, бір минут ішінде организм 400 мл от-
тегі қабылдап, артерия қанындағы оттегі мөлшері вена қанымен
салыстырғанда 8 көлем пайызға көп болды дейік. Демек, қан-
ның əрбір 100 мл 8 мл оттегін сіңірген, ал оттегінің жоғарыда
көрсетілген мөлшерін сіңіру үшін өкпе арқылы (100 х 400): 8 =
5000 мл қан өту керек. Демек, бұл мысалда жүректің минуттық
сыйымдылығы 5 л. тең.
2) Ойыс венаға белгілі мөлшерде бояу немесе радиоизо-
топ егіп, олардың артерия қанындағы таралу дəрежесін тексеру
арқылы;
3) Вена тамырына салқындатылған физиологиялық ерітінді
егіп, оның таралуын зерттеу арқылы.
Жүректің минуттық сыйымдылығын оның 1 минуттағы қағу
жиілігіне бөлу арқылы систолалық сыйымдылық анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: