94
Қан тамырларының жалпы гидродинамикалық кедергісі не-
месе шеткі кедергі, дин. с/см-5 бірлігімен өлшенеді. Малда қан
тамырларының шеткі кедергісі 1400-2000 дин. с/см-5 шамасында.
Кіші қан айналым шеңберінде кедергі үлкен шеңбер тамырлары
кедергісінен көп төмен. Қан тамырларының кедергісін салысты-
ру мақсатында шеткі кедергі бірлігі (ШКБ) деп аталатын салы-
стырмалы мөлшер ұсынылған. Бұл бірлікпен бейнеленетін шеткі
кедергі мына жолмен есептеледі:
Минуттық сыйымдылық (л/мин, не мл/мин)
ШКБ =
Қан қысымы (с. б. мм)
ШКБ неғұрлым көп болса, қан ағынына кедергі соғұрлым жо-
ғары болады. Бұл өлшемнің өсуі қан тамырлары тонусының жо-
ғарылауының белгісі.
Достарыңызбен бөлісу: