Методическое пособие по обучению интегрированным предметам «казахский язык и литература»



Pdf көрінісі
бет11/139
Дата06.01.2022
өлшемі4,31 Mb.
#16021
түріМетодическое пособие
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   139
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Дереккөзі:Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесінен 
 
5-
тапсырма. Ұялы телефондарды сән, әлде қажеттілік үшін қолдана ма? 
 
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
______________________ 
 
Шеберлігіңді шыңда! 
 
Телефонмен сөйлесудің 10 әдебін жазыңыздар.  
1._________________  4.______________________ 7._______________________ 
2._________________  5.______________________ 8._______________________ 
3._________________  6.______________________ 9._______________________ 
10.________________ 
Білгенге маржан! 
SAR (Specific Absorprtion Rate) – 
қарапайым  тілмен  айтқанда,  мобильді 
телефонның қауіпсіздік көрсеткіші. Яғни, бір килограмм миға әсер ететін ватт 
өлшеміндегі қуаттың сәулелену көрсеткіші. Аталған көрсеткіштің өлшембірлігі 
– 
Вт/кг.  Ғалымдар  мобильді  телефонның  қауіпсіздігін  осы  көрсеткішпен 
байланыстырады.  Неғұрлым  SAR  көрсеткіші  аз  болса,  соғұрлым 
телефоныңыздың  зиянды  сәуле  бөлу  деңгейі  де  төмен.  Мәселен,  кейбір  ұялы 
телефон түрлеріне тоқталсақ: Nokia 3130 – 1,24 Вт/кг., Nokia 6210 – 1,19 Вт/кг. 
Есіңізге сақтаңыз! 
Ұялы  телефондар  жүйке  жүйесіне  әсер  ететіндіктен  балалардың  ұялы 
телефон  қолдану  жастары  кешіктірілуі  керек.  /18  жастан  бұрын  қолдану 
ұсынылмайды/.Ұялы  телефон  құлаққап  арқылы  қолданылуы  тиіс.  Осылайша 
ұялы  телефонның  мидан  алыс  болуы  қамдалуы  керек.Ұялы  телефон  арқылы 
қысқа  сөйлесу  әдетке  айналуы  керек,  қысқаша  мағлұмат  берілетін  кезде  SMS 
жүйесі  қолданылуы  керек.  Ұялы  телефондардың  ең  көп  радиация  тарататын 
кезі – телефон шырылдаған кез және сіз терген нөмірге байланыс құрған кезі. 
Сол  кездерде  телефонды  басыңыздан  алыс  ұстауыңыз  керек.  Телефонды 
ашқаннан 1-2 секундтан кейін құлаққа жақындатқан дұрыс [6]. 


32 
Келесі «Су, оның музыкада, әдебиетте және визуалды өнерде бейнеленуі» 
бөлімінен  сабақтың  қысқа  мерзімді  жоспарында  қазақ  тілі  сабағының  физика 
пәнімен кіріктірілу мысалы берілген. 
Сабақтың тақырыбы: Су–тіршілік көзі 
Сабақтың  мақсаты:  Тәжірибелік  жұмыс  орындау  арқылы  судың 
қасиеттерін анықтайсыз, айтылым барысында өз ойыңызды дәлелдейсіз. Аудио 
материалдағы сөйлеушінің сөйлеу мәнерін түсініп сұраққа жауап бересіз.  
Кілт сөздер: Араластыру, мөлдір, дәм, ащы, тұщы, еру, құм қиыршықтар, 
шөгеді, еру, жабысу, жұғу, ағу, түссіз, сұйық. 
1-
тапсырма:  «Дубайдағы  субұрқақ»  бейнебаяны  бойынша  өз  ойыңызды 
білдіре отырып сабаққа болжам жасаңыз. 
2-
тапсырма:  «Кім  көп  біледі?»  ойыны.  «Судың  адам  өміріндегі  маңызы 
қандай?»  деген  сұраққа  1,5  минут  ішінде  көптеген  айғақтар  табыңыз.  Қай 
топкөп жазғандығын анықтаңыз. 
3-
тапсырма.  «Судың  қасиеттері»  тәжірибелік  жұмыс.  Берілген  заттарды 
қолдана  отырып  судың  түсін,  пішінін,  дәмін,  күйін,  иісін  анықтап,  өз 
ойларыңызды практикалық жұмыс арқылы дәлелдеңіздер. 
 
4-
кесте – Тәжірибелік жұмыс парағы 
 
 
Іс - әрекет 
нәтиже 
1-
практикалық жұмыс 
 
 
2-
практикалық жұмыс 
 
 
3-
практикалық жұмыс 
 
 
4-
практикалық жұмыс 
 
 
 
Дереккөзі:Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесінен 
 
Қажетті заттар:Әр топқа шыны ыдыс су, сүт, қасық, қант, топырақ, тұз 
беріледі. 
 
Білгенге – маржан!  
Жапон  елінің  ғалымы  Эмотто  Масарудың   мынадай  тәжірибесіне  көңіл 
аударайық. Ыдыстарға күріш салып оның үстіне су құйып бір ай бойы бірінші 
ыдыстағы суға «Рақмет!»,екінші ыдыстағы суға «Сен ақымақсың!», ал үшінші 
ыдысқа  тіпті  көңіл  бөлмейді.Бір  айдан  соң  қараса  бірінші  ыдыстағы  күріш 
бөртіп,  судан  жағымды  иіс  шығады.  Ал  екінші  ыдыстағы  күріш  қарайып 
кеткен,  ал  үшінші  ыдыстағы  күріш  те,  су  да  көгеріп  кеткен.  Бұдан  біз  судың 
жақсы сөз, көңіл бөлуді ұнататынын байқауға болады. 
Шеберлігіңді шыңда! 
Иерусалимдегі  мұз  қалашық  туралы  аудиожазбаны  тыңдап,  сұрақтарға 
жауап беріңіз. 
1. Көрмеде мұздан жасалған қандай ескерткіштер болды? 
2. Мұздан жасалған ескерткіштерді кімдер жасаған? 


33 
3. Көрмеге келген көрерменге арнайы не беріледі? 
4. Мұз қаласына саяхаттауды неден бастайды? 
5. Саяхаттың соңында не беріледі? 
6. Мұз көрмесін өткізу қайдан және қай жылы басталды?  
7. Астанада қай жылдан бері мұз қалашығы жасалып келеді? 
8.  Қалай  ойлайсың  осы  мұз  қалашықты  тұрғызу  қажет  пе?Өз  пікіріңді                
3 сөйлеммен дәлелде 
Өзара тексеру 
Тапсырманы  орындап  болған  соң  қолдарындағы  жауап  парағын  жәшікке 
салыңыз.  Мұғалім  жәшікті  араластырып  енді  әр  оқушы  қолына  кез  келген 
жауап парағын алып дескриптор бойынша бірі-бірін тексереді. 
Есіңе сақта! 
Жер бетін қанша шарласаңыз да, су сияқты мөлдір, әрі иіңізге көне беретін 
жұмсақ зат таппайсыз. Бірақ су, өз жолында қандай қатты, әрі берік зат болса 
да, егеп, қашап, тесіп өтеді. Оны ешкімде өз ырқына бағындыра алмайды. Кез-
келген  қаттыны  жеңіп  кетеді.  Жұмсақ  болса  да  берік  нәрсені  өз  ыңғайына 
көндіре  алады.  Мұны  барлығы  біледі,  бірақ  осылай  әрекет  етуге  ешкімнің  де 
жүрегі           дауаламайды [7].Лао–Цзы  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет