Сұрақтар: Деформация түрлері


Бетонның   коррозияға   төзімділігі



Pdf көрінісі
бет2/2
Дата06.01.2022
өлшемі337,83 Kb.
#16030
1   2
Байланысты:
Дәріс-6

Бетонның   коррозияға   төзімділігі.   Кейбір   сұйық   заттар   мен   газдар 

əсерінен бетонның цемент тасы қирауы мүмкін. Ал толтырғыштар – бұл əсерге 

əдетте  төзімді  келеді.  Мұның  себебі,  кəдімгі  цементтің  қоршаған  ортаның 

тұздары,  қышқылдары,  сілтілері

**  


жəне  газдары  мен  түрлі  реакцияларға  түсуі. 

Соңғылардың  көп   тараған   түрлері   –   цемент  тасты   коррозиядан  қорғау   6- 

тараудың  6.9-параграфында  қаралды.  Мысалы,  кəдімгі  цемент  негізінде 

жасалаған,  қатайып  болған  бетондар  –    сульфаттармен  əрекеттескенде  пайда 

болатын  гидросулъфоалюминаттар,  бетонның  денесінде  зиянды  кернеу  күшін 

туғызады. Бұл  күш,  гидросульфоалюминаттың пайда болу жəне кристалдану 

жылдамдығы  артқан  сайын  көбейе  түседі.  Егер  күш  бетонның  оған  көрсететін 

кедергісінен,  дəлірек  айтқанда,  бетонның  –  созу  күшіне  уақытша  кедергісінің 

шегі деп аталатын мөлшерден артып кетсе, бетон күйрейді. 

Бетонды  коррозиядан  қорғау  үшін  оның  тығыздығын  жоғарылату,  бетін 

су  өткізбейтін  материалдармен  тыстау  керек.  Ал  оны  жасағанда  кальцийдің 

гидроксидін  аз  бөлетін,  құрамында  үш  кальцийлі  алюминат  (С

З

А),  шамалы 



цементтерді (пуоцоланды  портландцемент,  шлакты  портландцемент,  сульфатқа 

төзімді портландцемент, глиноземді цемент) қолдану керек. 

Бетонның  аязға  төзімділігі  –  оның  құрамына  байланысты.  Бетон  қандай 

тығыз  болғанмен,  онда  əртүрлі,  əр  қасиетті  саңылаулар  бар.  Уақ  саңылаулар, 

мысалы  цемент  гелінің  мөлшері  10

-5   


см-ден  кіші  саңылаулары  су  өткізбейді. 

Оларда су, тіпті өте төмен температурада да (70 °С-қа дейін) мұзға айналмайды. 

Мұндағы  судың  мөлшері,  цементпен  химиялық  байланысқан  су  мөлшерінің 

шамасындай. 

Бетонның  аязға  төзімділігі  –  ондағы  ірі,  мөлшері  10

-5   


см-ден  үлкен, 

саңылаулардың  жалпы  көлеміне  байланысты.  Бұл  саңылаулардың  көлемі  (К

сі



процентпен мына формула арқылы есептелінеді: 



С - 2wЦ 

К

сі 



=  ¾¾¾¾  ×  100. 

(4) 


1000 

Г.М.Горчаковтың  мəліметтері  бойынша,  бетонның  аязға  төзімдік  циклі 




яз

)  ірі  саңылаулардың  көлемімен  (К



сі

)  мынадай  байланыста:  ірі  саңылаулар 

көлемі 6 % болса, онда А

яз 


250; 7,5 % болса  - А

яз 


150; 9,5 % болса – А

яз 


75. 

Су   мен   цементтің   қатынасы   азайған   сайын,   бетонда   ірі   саңылаулар 

азаяды,   ал   оның   аязға   төзімділігі   жоғарылайды.   Əдетте   аязға   төзімділігі 

жеткілікті бетон жасау үшін су-цемент қатынасын 0,5-тен кем етіп қабылдайды. 

Ылғалды  жағдайда  ауыспалы  тоңазыту  мен  жібітуге  тап  болатын  құрылыс 

конструкциялары,  пайдаланылатын  регионның  ауа  райына  байланысты  аязға 

төзімділігі  бойынша  сегіз  маркаға  бөлінеді:  F50,  F75,  F100,  F150,  F200,  F300, 

F400, F500. 





 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет