Ф-ӘД-001/046
Дәріс №13
Суфизм философиясы
Лекцияның мақсаты мен міндеттері:
Лекция барысында суфилік философиясының ерекшеліктерін,
сипаттамаларын таныту.
Лекция мазмұны:
1. Суфизм
философиясының онтологиялық және гносеологиялық
мәселелері
2. Уахдат-и ужуд және уахдат-и шухуд ілімдері
3. Зун-Нун әл-Мысри, Баязид әл-Бистами, әл-Ғазали, Ибн Араби
көзқарастары
Бір қырынан толықтай адамды негізгі тақырып ретінде қарастыратын
және құдайлық тақырыптарды да қамтитын, келесі жағынан субъективтік
жағы басым саланы танытатын суфизмді күрделі ілім саласына жатқызуға
болады. Сопылық тілмен айтқанда аталған ілім саласы толықтай экстаздық
сипат пен мәнге ие болғандықтан оның мәнін ашу қиын. Дегенмен, оның да
өзіне тән анықтамасы бар. Бұл ілім саласы суфи рухының күрделі де мәнді
практикалық әрекет болғанына орай суфилердің тілімен түсіндіруге болады.
Осыған қарай отырып, исламдық суфизм ілімі күрделі де кешенді ілім
екендігі анық байқалады.
Суфизмге жасалынатын анықтамалар суфилердің жағдайлары мен
сипаттарына байланысты екендігі байқалады. Әдетте анықтамалар
суфилердің мәртебесіне, характерлері мен икемділігіне, әлеуметтік
жағдайына, мистикалық өмірге кіруіне дейінгі тіршілігінің ықпалдық іздері
көрінеді. Тіпті суфидің әртүрлі уақыттарда әртүрлі анықтамалар жасалғанын
да кездестіруге болады. Осы тұста сопылық жолдағы ірі көсемдердің
суфимге жасаған анықтамаларына тоқталып кеткеніміз жөн сияқты. Джунайд
Бағдади (ө.295/907 жж.): «Суфизмді – Алладан басқа барлық нәрсемен
байланысты үзу және тек Алламен бірге болу», - деп түсіндіреді. Маруф
Кархи (ө.200/815 жж.): «суфизм дегеніміз – ақиқатқа талпыну, халықтың
қолындағылардан үміт үзу» деп есептеген. Али бин Ахмад Бушанджи (ө.
348/959 жж.) аталған ілімді «еркіндік, қайрымдылық, көркем мінез және
жомарттық» деп санаған. Сопылық ілімнің кемеңгерлерінің бірі – Имам
Ғазали (ө. 505/1111 жж.) сопылық жолды жүректі тек құдайға ғана арнап,
Ф-ӘД-001/046
жерге тән дүниеден байланысты үзу» - деп анықтама жасаған. Бұдан барлық
суфидің сопылықты әртүрлі қырынан қарастырып, басынан өткерген рухани
практиканы түсіндіргені байқалады. Осыларды жинақтай келе мынандай
қорытынды шығаруға болады: «суфизм исламды пайғамбар сияқты
меңгеруге талпыну».