5
Кіріспе
Мемлекеттің орталықтандырылған қаржылық ресурстарын және меншікті
ақшалай қорларын қалыптастыруда корпорацияның қаржысы алдыңғы
орындарды алуда.
Экономиканың мемлекеттік секторы, қазіргі банктік жүйе, тауар, қызмет,
капитал нарығы пайда болып және одан әрі дамыды. Корпорациялар өз істерін
реттеуде нарықтық әдістерді қолдануға көшті. Корпорацияның кәсіпкерлік
қызметінің негізгі мақсаты пайда табу болды. Ол корпорацияның және оның
иегерлерінің кірістерінін өсуіне, капиталды ұлғайтудың қайнар көзі. Бұл
мақсатқа жету үшін кәсіпорындарда қаржының қолайлы жағын ұйымдастыру
қажет, олар тек қана қаржылық жағдайды және бәсекелестікті тұрақтандыру
ғана емес сонымен қатар, елдегі қаржыны тұрақтандыруды қамтамасыз уте
керек.
Корпорация өзінің іскерлік белсенділігінде нарықтық реттеу әдістерін
кеңінен пайдалануға көшті. Корпорацияның кәсіпкерлік қызметінің негізгі
мақсаты болып пайда табу, яғни оның иелері және корпорация кірісінің өсуі,
капитал өсімінің алғышарты және қызмет етуде қайнар көзі табылады Бұл
мақсат тек олардың қаржылық жағдайын және бәсекеге қабілеттілігін нығайту
үшін ғана емес, сондай-ақ елдегі қаржыны тұрақтандыруды қамтамасыз ету
үшін мүмкіндік беретін, кәсіпорындарға қаржыны оңтайлы ұйымдастыру
кезінде қол жеткізуге болады.
Жоғарғы мектепке мамандарды дайындаудың ең бір басты ерекшелігі-
оның өмірмен байланыстығы, болашақтағы нақты есепте мамандар қызметінің
тәжірибесі.
Әсіресе, бұл байланыс жаңа нарықтық қатынастарды
қалыптастыруда қажет. Осыған байланысты ең маңызды буыны болып оқыту
процесінің бір бөлігі практикалық сабақтар табылады.
Бұл оқу құралы теориялық білімді бекіту үшін несиелік-банктік
ережелерді шешуде, ҚР Заңын, практикалық жағдайлардың негізінде есептерді
және мәселелік міндеттерді шешуге арналған.
Оқу құралы ҚР жоғары кәсіби білім беру жүйесіндегі соңғы өзгерістерді
көрсету үшін арналған. Оның мазмұны «Корпоративтік қаржы» пәні бойынша
типтік бағдарламаға сәйкес келеді. Оқу құралында капиталды қолдану және
қалыптастыру,
инвестициялық
қаржыландыру,
қаржылық
жоспарлау,
бюджеттеу және бақылаудың тәжірибелік
аспектілері қарастырылады
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің біраттас
пәндері бойынша практикалық сабақтарды өткізу практикумының мақұлдануы.