Байланысты: uakpaeva m kajyrbaeva g korporativtik karzhy
Талдау субъектілері ретінде тікелей де, жанама түрде де кәсіпорын
қызметінде ақпаратты пайдаланушылар мүдделі болып табылады. Бірінші
пайдаланушылар тобына кәсіпорынның меншік иелері жатады, қарыз
берушілер (банктер және т. б.), жеткізушілер, клиенттер (сатып алушылар)
салық органдары, кәсіпорын қызметкерлері және басшылық.
Екінші топ бухгалтерлік есеп пайдаланушылары– бұл талдау
субъектілері, олардың кәсіпорын қызметіне тікелей қызығушылығы жоқ,бірақ
келісім-шарт
бойынша
бірінші
топтың
мүдделерін
,есептілікті
пайдаланушыларды, қорғауға тиіс. Бұл – аудиторлық фирмалар, кеңесшілер,
биржалар, заңгерлер, баспасөз, қауымдастық, кәсіподақтар.
Қаржылық талдау әдістемесі өзара байланысты үш блоктан тұрады: 1)
кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелерін талдау; 2)кәсіпорынның
қаржылық жағдайын талдау; 3) кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің
тиімділігін талдау
Қаржылық талдаудың негізгі мақсаты кәсіпорынның қаржылық
жағдайының объективті және дәл көрінісінің параметрлері беретін негізгі
102
шағын санын (ең ақпараттық), дебиторлармен және кредиторлармен есебіндегі
оның пайдасы мен залалдары, активтер құрылымындағы өзгерістер мен
пассивтерді табу болып табылады.