Қостанай, 017 ОӘЖ 005 (075) кбж 65. 292-93 (5Қаз)я73 у-12


Ағымды  қаржылық  жоспарлау



Pdf көрінісі
бет94/107
Дата06.01.2022
өлшемі1,98 Mb.
#16137
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   107
Байланысты:
uakpaeva m kajyrbaeva g korporativtik karzhy

Ағымды  қаржылық  жоспарлау  жүзеге  асатынды  жоспарлау  болып 
табылады;  ол  перспективталық  жоспардың  құрамды  бөлігі  ретінде 
қарастырылады және оның көрсеткіштерін нақтылайды. 
 Ағымды  қаржылық  жоспардың  құжаттарын  бір  жылға  тең  кезеңге 
құрастырады.  Өйткені  бір  жылдың  ішінде  негізінде  нарық  коньюктурасының 
мерзімдік    ауытқулары  теңеледі.  Сондай-ақ,  бұндай  уақыт  мерзімі  есеп  беру 
мерзіміне  қойылатын  заңнамалық  талаптарға  сәйкес  келеді.  Нәтиже  дәлдігі 
үшін жоспарлық мерзімді жартыжылдыққа және тоқсанға бөледі.  
Ағымдағы  қаржылық  жоспарға  енгізілген  іс-шараларды  жүзеге  асыру 
барысында  кәсіпорын  қызметінің  нақты  нәтижелері  тіркеледі.  Жоспар 
жоспарлау  нәтижесі  болып  табылады,  ал  нақты  шамалар  жөніндегі  есеп 
басшылыққа  шешімдер  әзірлеу  үшін  қажет  кәсіпорынның  нақты  жағдайын 
көрсетеді. 
Нақты  көрсеткіштерді  жоспарланғанмен  салыстыру  нәтижесінде 
қаржылық бақылау жүзеге асады. 
Есеп  шотқа  нақты  түсімнің  түсуін  және  қолма-қол  қаржылық 
ресурстардың  шығынын  бақылау  мақсатында  кәсіпорынға  жедел  жоспарлау 
қажет
ол 
ағымдағыны 
толықтырады. 
Жоспарлы 
іс-шаралардың 
қаржыландыруы  кәсіпорын  тапқан  қаражат  есебінен  жүзеге  асу  керек,  бұл 
қаржылық  ресурстарды  қалыптастыруға  және  пайдалануға  күнделікті  тиімді 
бақылауды талап етеді.  
Жедел қаржылық жоспарлау төлем күнтізбесін, кассалық жоспарды және 
несие жоспарын құрудан және орындаудан тұрады. 
Төлем күнтізбесі – кәсіпорын қаражаттары мен төлемдерінің түсу кестесі. 
Жоспарда кәсіпкерлік, коммерциялық емес және өзге қызметті жүзеге асыруға 
арналған  ақшалай  қаражаттар  мен  шығындар  түсуінің  барлық  көздері 
күнтізбемен өзара байланысқан. Күнтізбе бір айға, 15 күнге, декадаға, бес күнге 
құрылады. Төлем күнтізбесін декадаларға бөліп бір айға құрастырған жөн.   
Төлем күнтізбесін құрастыру үрдісін 6 кезеңге бөлуге болады: 
1)  жоспарлау кезеңін таңдау; 


 
133 
 
2)  өнімді (жұмыстарды, қызметтерді) жүзеге асыру көлемін жоспарлау; 
3)  түсуі мүмкін ақша (кіріс) көлемін есептеу; 
4)  жоспарлы кезеңде күтілетін ақшалай шығындарды бағалау; 
5)  ақшалай  сальдоны  анықтау  (жоспарлау  кезеңіндегі  түсімдер  мен 
шығындар арасындағы айырма); 
6)  қорытынды шығару. 
Көптеген  кәсіпорындарда  төлем  күнтізбесімен  қатар  салықтық  күнтізбе 
құрылады,  онда  кәсіпорын  қандай  салықтарды  және  қашан  төлейтіні 
көрсетіледі. Бұл мерзімді өткізіп алудан және өсімақы төлеуден сақтайды. 
Төлем күнтізбесінен басқа кәсіпорында кассалық жоспар құрылу керек. 
Ол – касса арқылы қолма-қол ақшаның түсуін  және төленуін көрсететін қолма-
қол ақшалай қаражат айналымының жоспары. Қолма-қол ақшалай қаражатпен 
уақытылы  қамтамасыз  ету  кәсіпорын  мен  оның  жұмыскерлері  арасындағы 
қаржылық  қарым-қатынастардың  жағдайын,  яғни  кәсіпорынның  төлем 
қабілеттілігінің  бір  қырын  сипаттайды.  Кассалық  жоспар  кәсіпорынға  қолма-
қол ақшанын түсуін және шығындалуын бақылау үшін  қажет.  
Жедел  қаржылық  жұмыстың  маңызды  бөлігі  несиелік  жоспарды 
құрастыру болып табылады. Несиелік жоспар – несиелердің түсу және оларды 
келісім-шартпен белгіленген мерзімдерде төлеу жоспары. Егер кәсіпорын қысқа 
мерзімді  қаржыландыруға  мұқтаж  болса,  онда  ол  коммерциялық  банкке 
қайтару  қажет  пайызды  есепке  ала  отырып  сомманы  белгілеп,  сұрап  отырған 
несие  мөлшерін  негіздеу  керек,  несиелік  іс-шараның  тиімділігін  есептеп, 
банкпен несиелік қызмет көрсету жөнінде келісім-шарт жасасу керек.   
  Қаржылық  жоспарлаудың  қорытынды  кезеңі  жиынтық  аналитикалық 
жазбахат  құрастыру  болып  табылады.  Онда  жылдық  қаржылық  жоспардың 
негізгі  көрсеткіштеріне  (кірістердің,  шығыстардың  көлемі  мен  құрылымына, 
бюджетпен,  коммерциялық  банктермен,  контрагенттермен  өзара  қарым-
қатынастарға)  сипаттама  беріледі.  Инвестицияларды  қаржыландыру  көздерін 
талдауға ерекше рөл бөлінеді. Кірісті бөлуге үлкен көңіл бөліну керек.  
Аналитикалық 
жазбахаттың 
соңында 
кәсіпорынның 
қаржылық 
ресурстармен жоспарлы қамтамасыз етілуі және олардың қалыптасу көздерінің 
құрылымы туралы қорытындылар шығарылады.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет