«Тарихи процесс және тарихи таным теориясы» пәнінің объектісі және әдістер жүйесі. Ұсынылып отырған пәннің оқыту объектісі тарихи
процесс теориясы және тарихи таным теориясы болып табылады. «Тарихи
процесс және тарихи таным теориясы» пәні тарих ғылымының концептуальдық
қағидаларын негіздейді. Пәннің әдістер жүйесін анализ, синтез, абстрактілеу,
салыстыру, индукция, дедукция сияқты жалпы ғылыми әдістер, сондай-ақ
арнаулы тарихи әдістер құрайды. Пәннің категориалдық аппараты: әдіс,
методология, тарихтың философиясы, историософия, эпистемология,
танымның әдістері, тарихи таным, тарихи процесс, тарихилық және
тарихшылдық, формациялық теория, өркениеттік теория.