30
Қызметкерлердің ерекшеліктерін зерттеу - тек өндіріс тиімділігі
мақсатына жетуге ғана бағытталмаған, бұл əр қызметкерге «ол
өзі бірінші дəрежелі болатындай іс» табу үшін қажет. «Əр жеке
жұмысшыны даралайтын жүйеде жұмысшыны дөрекі жұмыстан
шығару немесе тиісті түрде жұмыс істемесе, ақысын азайтудың орны-
на оны осы жұмыс түріне бейімделген ету үшін тиісті уақыт пен көмек
береді немесе ол жұмысшы тəнімен немесе рухани түрде бейімделген
басқа жұмыс түріне ауыстырады» [101].
Тейлордың идеялары Американың өзіне қарағанда, анағұрлым ер-
терек жəне анағұрлым көп мөлшерде Ресейде танымал болғанын айтып
кету қажет: негізгі концептуалдық ережелері тəжірибеде жүзеге асып,
мақалалары көптеген төңкеріске дейінгі ресейлік журналдарда жарық
көрген. 1913 жылы Ресейде əлемдегі ең бірінші «Фабрично-заводское
дело» тейлористік журнал жарық көре бастады.
Ф. Тейлор өз теориясында орындаушылардың, бірінші кезекте
жұмысшылардың еңбегін тиімді ұйымдастыруға басты назар аудар-
ды, ал Анри Файоль зерттеуінің негізгі пəні ретінде басқарушылық
қызметтің өзі мен басқару жүйелерін тиімді ұйымдастыру тəсілдерін
қарастырды, бұл
Достарыңызбен бөлісу: