40
рылуы, алқалылығымен педагогикаландырылуы, өзін-өзі басқаруы
үшін күресті; оқушылардың политехнизм мен кəсіпкерліктің оңтайлы
үйлесуі, мектептің өмірмен, отбасымен, өндіріс жəне қоғаммен тығыз
байланысы үшін күш салды.
Автор ол атап өткен алғышарттарға сүйене отырып:
1) біздің жағдайымызда менеджментті пайдалану жəне бейімдеу
оның көптеген идеялары мен элементтері отандық мектепті басқару
тəжірибесінде бұрыннан əзірленіп, жүзеге асырылу арқылы қамтамасыз
етіледі;
2) біздің жағдайымызға менеджментті бейімдеу арқылы мектеп
басқаруды өз тəжірибемізді зерттеу, мəнін түсіну, пайдалану, оларды
салыстырмалы түрде талдау жəне өзара байыту арқылы жүзеге асыру
қажет;
3) Ресей халқының басым бөлігінің дəстүрлі ресейлік ерекшелікте-
рін, психологиясы мен адамгершілік-этикалық құндылықтарын
(соборлық, қауымдастық пен артельдік индивидуализмге қарама-
қарсылық ретінде, белгілі бір аскетизм мен байлыққа, бай адамдарға
деген сыни, жиі дұшпандықпен қарау, рационализм мен прагматизмнің
жетіспеушілігі, өкімет пен заңға қатысты белгілі бір индифиренттілік,
«кеңестік өмір қалпына» жəне социалистік идеалдарға деген
сақталып қалған адалдық) есепке ала отырып, сондай-ақ, қазіргі
осы құндылықтарға қатысты өзгерістерді есепке ала отырып қана
менеджментті бізде пайдалануға болады.
4) бизнесте пайдаланылатын менеджментті біз мектеп саласына
ауыстыратындығымыздан, педагогикалық менеджмент туралы сөз
қозғау қажет.
Білім беру жүйесінде басқару туралы ғылым Қазақстан (Б. А. Аль-
мухамбетов, Т. М. Баймолдаев, Ю. В. Баталов, А. А. Жайтапова, Ж. А.
Караев, Б. А. Койшибаев, Ш. Таубаева, Н. Н. Хан, Н. Д. Хмель жəне
басқалары) жəне Ресей ғалымдарының (Ю. П. Васильев, К. Я. Вазина,
В. И. Зверева, Ю. А. Конаржевский, В. С. Лазарев, М. М. Поташник, П.
И. Третьяков, В. П. Худоминский, Р. Х.Шакуров, Т. И. Шамова, В. А.
Якунин жəне тағы басқалары) еңбектерінде ары қарай дамыды.
Достарыңызбен бөлісу: