ТҮСІНІК ХАТ
«Ғылыми зерттеу жұмысының негіздері» курсы ғылыми көзқарасты кеңейту және
білімді тереңдетіп, тілдесудің процессін тануға ғана емес, студенттерге оқу, ғылыми-оқу,
болашақ мамандығында да қажетті практикалық қабілеттерін де дамытуға мүмкіндік
берді. «Ғылыми зерттеу жұмысының негіздері» курсының негізгі оқу формасы-
практикалық сабақтар. Курстың негіздерін бекіту үшін рефераттар, курстық және
дипломдық жұмыстарын жазу, студенттік ғылыми ұйымдарға, конференцияларға,
семинарларға қатысу кезінде орындалады. Бұл курс таңдау пәндер компонентіне енеді.
Пәнді оқу барысында педагогикалық жоғары оқу орындары студенттеріне ғылыми
зерттеу мәселелері: тіл үйренушілердің аналитикалық қабілеті мен критикалық ойлауын
қалыптастыру, кәсіби мақсаттарында ары қарай зерттеу, қазіргі заманғы ғылыми-
теориялық көзқарастарын, мұғалімдер мен оқушылардың педагогикалық қарым-
қатынасы, өзін-өзі тәрбиелеу, сөйлеу және түсіну проблемалары қарастырылады.
3 семестр бойынша «Ғылыми зерттеу жұмысының негіздері» пәнінен 3 кредит
бөлінген. «Ғылыми зерттеу жұмысының негіздері» курсы теориялық және
профессионалдық студенттерді даярлауда ең негізгі орында. Оқу жоспар бойынша дәріс
сабақтары, практикалық сабақтар, студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ) және оқытушының
жетекшілігімен
студенттің өзіндік жұмысы (ОСӨЖ) қарастырылған.
Достарыңызбен бөлісу: |