Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
көп сөз қолдану еркешелігі, сөздік, тілдік ерекшеліктер деп қарау, ара-тұра болса да бой көрсетеді.
Әдебиетте стильдің мағынасы әлдеқайда терең және кеңірек. Жазушының стилі дегенде, біз оның
өмір шындығын өзінше тани білу, сезіну, тақырыпты өзінше игеру, өзінше ой толғап, бейнелеп
айту – міне осындай маңызды сипатттар танытатын, басқаға ұқсамайтын суреткерлік шеберлігін,
дара қолтаңбасын айтамыз» [4,90 б.] -деген түсінік береді.
Қ.Жүсіп өз монографиясында [3] поэзиядағы стиль мәселесін көркемдік әдіс пен бейнелілік
айналасында қарастырып, жүйелі тұжырымдар жасайды. Қазіргі қазақ лирикасындағы стиль
мәселесін сөз еткенде Қ.Жүсіп тұжырымдарына қосыла отырып, лирикалық қаһарман сипатына,
суреткердің сөз қолдану еркшелігіне ерекше назар аударған жөн. «Қазақ ақындарының
қаншалықты толысқан суреткер ақын екенін анықтау үшін, стильде, көркемдік әдіс те жалаң
алынбай, үнемі бейнелілік тұрғысынан саралану қажеттігі де дау туғызбайды»-деп ой түйеді
ғалым. Бейнелілік стильмен тікелей байланысты. Тіпті оны стильдің көрсеткіш құралы десе де
болады. Өмірді көркем бейнелеу сипаты, ең алдымен, ақынның сол өмірді бейнелеу үшін таңдаған
әдісінің негізінде айқындалады. Қай ақын болмасын әдіске сөз сомдау үстінде төселеді. Кез келген
ақынның, немесе қаламгердің стилі жағынан, бейнелеуіш құралдарды қолдану
жағынан өзара
ұқсастық, айырмашылықтарын ажыратуда шығармашылық істе пайдаланған көркемдік этюдтері
шешуші роль атқарады. Бұдан ақын, жазушылардың идеялық-эстетикалық ерекшеліктері де
айрықша танылады. Шынайы таланттардың жазу машығы өзгелерден оқшау, дара көрінеді. Қолға
алғаннан-ақ, кімнің жазғанын стилінен қапысыз аңғаруға болады. Мәселен, Абай, Мағжан, Қасым,
Мұқағали стилі десек, оны айтқызатын-айрықша айшықты, өзгелерден ерекше, дара бітімді
қолтаңбалары. Әлбетте, поэзиядағы поэтикалық категориялар мен көркемдік әдіс ақын стилін
танытуға көмектескенімен бүкіл шығарманың өн бойынан көрініп тұрады деп айта алмаймыз. Бұл
тұрғыдан алғанда поэзиядағы стиль нақты жүзеге асқан үлгіде көрініп, оның ерекшеліктері ақын
өлеңінде сыртқы пішінінен бастап, бүкіл болмысында көзге ұрып тұрады. Дегенмен, поэзияда әдіс
өзгерсе, оның әсері стильге тимей қоймады. Ш.Елеукеновке сүйенсек «бұл – стиль құрайтын
шешуші фактор» [5,366 б]. Бір дәуірде шығармашылықпен айналысқан қаламгерлер тобына тән
стиль мен жеке қаламгер стилі арасында ортақтастық жоғарыда біз айтқан көркемдік әдістен
туындайтын әдеби ағымға тікелей байланысты. Мысалы, қазақ ақындары Абай, Мағжан, Сәкендер
мен Еуропа ақындары Байрон, Гете, Пушкин, Блок, т.б. шығармашылығында көркемдік әдістерін
қайталай отырып, өнердегі өмірді бейнелі суреттеудің ортақ ерекшеліктерін айқындап, сол арқылы
бір емес, бірнеше әдеби ағым (бағыт) туындатты. Мысалы, реализм, романтизм, символизм т.с.с.
демек, бірін-бірі танымайтын ақындардың стиль жағынан ұқсас келуінің өзі бір жағынан идеялық-
эстетикалық принциптердің орайлас келуі болса, екінші жағынан олардың бір ағым өкілдері
болып есептелуінде. Мұның өзі әр дәуір ақындарында кездесетін стильдік үндестік деуімізге де
болады. Қай ақынның болмасын стилінің байлығы-көркемдік ізденіс нәтижесінің жемісі.
Ақынның суреткер ретінде марқайып, айрықша стиль танытуына, шеберлік шыңына жетуіне
өзінен бұрынғы ақындар мектебі, өз ортасы, заманы айрықша әсер етеді. Сондай-ақ, жеке
ақынның, тұтастай қазақ лирикасының биігін межелеуінде көркемдік әдіс, әдеби ағым, сөз
саптаудағы бейнелеуіш құралдар, көркемдік құрылымдар, бір сөзбен айтқанда стиль шешуші роль
атқарады.
Стиль-күрделі құбылыс. Оны жалғыз тіл арқылы тану мүмкін емес. Тіл-стильді белгілейтін
маңызды бірліктердің бірі ғана. Тілден басқа стильді белгілейтін детальдар қатарына көркем
шығарманың жанрлық, композициялық, интонациялық, ырғақтық ерекшеліктері де енеді. Стильге
беріліп жүрген анықтамалардың әр тектілігі оны әрі әдебиеттану, әрі тіл білімі ғылымына
жатқызуға негіз болып жүр. Стиль біреу ғана болу тиіс. Ол-жазушы стилі. Ал көркем шығарманың
тілі жазушы стилінің бір белгісін құрайды. Көркем шығармалардағы стильдік бояу, олар
атқаратын көркемдік қызмет туралы айтқан кезде жазушының дара стилі, жеке шеберлігі секілді
мәселелерді айтпай кетуге болмайды. Әрбір жазушы өзінің дара стиліне өзгелердің стильдік
ерекшеліктерін жетік меңгеру арқылы ғана жетеді. Дара стиль әдеби тілмен тығыз қарым-
қатынаста болады. Әдеби тілді дамытатын қайнар бұлақтардың да бірі, осы – дара стиль. Жоғары
шеберлікпен жазылған көркем шығарманың тілі ғана «дара стиль» деңгейіне көтеріле алады.
Дара стиль жазушының көркем шығармасының стилі мен оның дүниетанымының арасындағы
қарым-қатынасты да қамтиды. Дара стиль, тіл, копозиция, жанр, ырғақ, интонация, жазушы өмір
сүрген орта, бұрыннан қалыптасқан стильдік дәстүр, оған енгізілген стильдік жаңалық,
|