56
«Константы. Словарь русской культуры» (1997) еңбегінде базалық
концептілердің «жеке қолданыстарда» болатындығы, ал фразеологиялық
концептілердің басты параметрлері ретінде олардың тарихи жəне
темпоралдық сипаттарын, сондай-ақ, олардың этномəдениеттегі көрінісін
атап, фразеологиялық концепт аясын кеңейте түседі. Соның нəтижесінде
когнититивтік фразеологияда концептілердің белгісі оның мəдени мар-
керлігінде деген пікірді тереңдеткен. Фразеологиялық концептінің
маңызды мəдени компонентін құрайтындар деп:
тұрақты тіркестер,
мифологемалар, ритуалдар, рухани-мəдени мағынаны жинақтаған
символдық мəні бар тіркестерді айтады.
Н.Ф. Алефиренко дəл осы пікірдің мазмұн жағынан А. Вежбицкаяның
еңбектерінде тереңдей түсетініне назар аударады. Автор барлық түсінік
субъективті, антропоцентрлі жəне этноцентрлі болғандықтан, «əлемді
дəл сол қалпында» табиғи тілмен суреттей алмайды. Сондықтан, А.
Вежбицкаяның идеясын когнитивтік фразеологияда қолдану қажет.
Фразеологиялық концептілер – этнографиялық ерекше феномен. Сыртқы
əлемнің
екінші концептуалдануы тілде фразеологизмдер арқылы негізі
қаланып қойылады-, дейді [Вежбицкая А.,Язык.Культура. Познание. /А.
Вежбицкая. М., Русские словари. 1996: 376-394].
Қазіргі тіл біліміндегі когнитивтік бағыттың басты мəселесі – бірінші-
ден, санада тілге дейінгі бейнеленген дүниелердің ішкі мəнін түсіндірудің
əдіс-тəсілдерін жете меңгеру;
Екіншіден, логикалық-позитивті жəне эстетикалық таным-білімнің
реттелген, жүйеленген, өңдеуден өткен ақпараттарын тіл арқылы іздеп
айқындау.
Осыған орай, тіл арқылы көрініс тапқан санадағы дүниелер бейнесін
анықтау, яғни тілді когнитивтік тұрғыдан зерттеу əлемдік тіл білімінде
үлкен бағытқа айналды. Осы орайда, Е.С.Кубрякова: «Прежде всего,
когнитивная лингвистика связана с изучением когнитивной системы
человека. Основная задача когнитивной системы человека в обработке и
переработке информации, а так же ее хранении и видоизменении» деген
құнды пікір айтады. [Человеческий фактор в языке. Язык и порождение
речи. М,.1991].
Достарыңызбен бөлісу: