отырған Тұрсын ханға қатаған мен қаңлы рулары
бағынышты екен. Есім оған бүкіл халықты бас-
қаруға береді және өз отбасына ерекше қарауды
тапсырады.
Тұрсын хан Есім ханның барлық тапсырмасын
бұлжытпай орындауға ант береді. Сөйтіп Есім
хан жорықта екі жыл болып, қалмақтарды
талқандайды да, әскерін ауылдарына таратып,
кейін қайтады. Жолда Күйік тауының маңында
Тұрсын ханның бұзауларын бағып жүрген бір
кемпірді көреді. Кемпір жылап тұрып "өзінің
батыры ұлы Есімнің жорықтан қайтып оралған
соң ханшаға мал бақтырып қойған сұмпайы
Тұрсыннан кек алатынын" жеткізеді.
|