Екі жақ арасындағы алғашқы ұрыстар сәтсіз
болып, қазақ ханы Түркістан, Ташкент, Сайрам,
қалаларынан айырылады, тек 1605 жылы ғана
Есім хан қарақалпақ ханы Жалған Әбдіғаппарды
өлтіріп қана барып, елдің тұтастығы мен бірлігін
сақтап қалды.
Қарақалпақ бүлігінен кейін екінші бүлікке қазақ
сұлтаны - Тұрсын Мұхаммед сұлтанның бүлігін
жатқызуға болады.
Ташкент қаласы қазақ хандығына қараған соң оны
Жәнібек ханның немересі, Жалым сұлтанның баласы
Тұрсын Мұхаммед сұлтан бақарған еді. Ол көп
ұзамай тәуелсіз хан болуға әрекет жасады.Тіпті өз
атынан ақша соқтырып. "бажы" және “хараж" алым-
салықтарын жинады. Бұл екі жақ ұйғыр, қырғыз,
қарақалпақ билеушілеріне өздеріне одақтас-
жақтастар іздеуге кірісті. Есім хан тобы Яркент
хандығына қарсы болып Тұрпанды билеген
Әбдірахим мен одақтасты.