Ылым тарихы мен философиясы



Pdf көрінісі
бет102/103
Дата07.01.2022
өлшемі1,74 Mb.
#17045
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   103
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
 
222 
ГЛОССАРИЙ 
 
1.  АБСОЛЮТ  (  лат.  absolutus  -  шартсыз,  шексіз)  -  идеалистік  фило-
софияның  ұғымы,  барлық  бардың  (сущее)  біртұтас,  жалпы,  бастаусыз 
және шексіз деп пайымдалатын, кез-келген салыстырмалы және шартты 
болмысқа қарсы қойылатын рухани алғашқы бастауын білдіреді. 
2.  АБСОЛЮТТІК ИДЕЯ - Гегель философиясының негізгі категориясы, 
универсумды толық күйінде, шартсыз, нақты және тұлғалық жалпылық 
күйінде білдіреді (яғни, субъектіні де, субстанцияны да). 
3.  АБСОЛЮТТІК 
РУХ  -  Гегельдің  философиялық  жүйесінде 
абсолюттік  идеяның  өзіндік  санасын  жүзеге  асыратын  рух  дамуының 
қорытынды звеносы. 
4.  АКСИОЛОГИЯ  -  құндылықтар  туралы  ілім,  адам  қызметінің 
бағытталғандығын, 
адамның 
іс-қылықтарының 
мотивациясын 
анықтайтын жалпы маңызды принциптердің философиялық теориясы. 
5.  АҚИҚАТ  -  танушы  субъектінінің  объектіні  дәл  күйінде  бейнелеуі, 
оны өмірде бар күйінде, адамның өзінен және оның санасынан тыс және 
тәуелсіз  көрсетуі;  сезімдік,  эмпирикалық  тәжірибенің,  ұғымдардың, 
идеялардың, пікірлердің, теориялардың, ілімдердің және диалектикалық 
дамушы дүниенің тұтас бейнесінің объективтік мазмұны. 
6.  АНТИНОМИЯ  (грекше  -  заңның  өзіне  өзі  қайшы  келуі)  -  1)  зат 
туралы  екеуі  де  қайшылықты  пікірлердің  бірлігі,  бұл  пікірлердің 
логикалык негізделуі бірдей дәрежеде нанымды бола алады; 2) идеяны 
немесе  заңды  дәлелдеп  тұжырымдауға  тырысқанда  пайымдалатын 
жойылмайтын қайшылық. 
7.  АНТРОПОЛОГИЗМ  -  философиялық  концепция,  оның  өкілдері 
"адам"  ұғымын  негізгі  көзқарастық  категория  деп  қарастырады  және 
табиғат,  қоғам,  ойлау  туралы  түсініктер  жүйесін  тек  осы  категория 
арқылы ғана жасауға болады деп тұжырымдайды. 
8.  АПЕЙРОН  (ареігоп  -  шектелмеген)  -  шексіз.  Анаксимандрдың 
пікірінше, формасы жоқ алғашқы зат, барлық заттар осы апейрондардан 
құралған. Натурфилософтар апейронды алғашқы бастау деп қабылдады. 
Платон мен пифагоршылар оны материяның синонимі ретінде түсінді. 
9.  АПОРИЯ  (грекше  арогіа  -  тығырық)  -  көне  грек  философиясында 
шешімі  қиын  немесе  шешілмейтін  мәселелерге  байланысты 
қолданылған ұғым. 
10.  АПОСТЕРИОРИ  (лат.  a  posteriori  -  келесіден)  -  тәжірибеден 
алынатын білім. 
11.  АПРИОРИ (лат. a priori - тәжірибеге дейін) - тәжірибеге, іс-әрекетке 
дейін, оған тәуелсіз танылатынды білдіретін ұғым. 
12.  АРАЛАСУ  –  қазақ  дүниетанымының  категориясы,  жеке 
адамның 


 
 
223 
ғана  емес,  жалпы  қазақ  халқының  өмір  кеңістігінде  өзінің 
туысқандарымен,  отандастарымен,  адамзаттың  басқа  өкілдерімен  бірге 
өмір сүру тәсілі. 
13. АРХАТ  -  Көне  Үнді  философиясының  ұғымы,  "жауды  жеңуші" 
дегенді білдіреді. Архат деп нирванаға жеткен, сананың тыныш ағынын 
бұзатын құштарлық-құмарлық сезімдерін жеңген адамды атайды. 
14. АСЫЛ  АДАМ,  БЕКЗАТ  АДАМ  (ЦЗЮНЬ-ЦЗЫ)  -  адамгершілігі 
жоғары,  жан-жақты  жетілген,  "алтын  ортаға"  жеткен,  ізеттілік, 
шыншылдық,  сақтық  секілді  қасиеттерге  ие  және  басқа  адамдардың 
адамгершіліктік  жетілуіне  көмектесуші  адам.  Конфуциийдің  пікірінше, 
мұндай  қасиеттерге  мемлекетті  билеуші,  басқарушы  адам  ие.  Бұл 
ұғымға қарсы ұғым - "Төмен адам" ұғымы. 
15. АТМАН  -  бұл  ұғымның  бірнеше  мағынасы  бар:  "мен",  "өзімді", 
"дене".  Бірақ  атман  ұғымының  ең  басты  мағынасы  -  индивидуальдік 
және  универсалдық  космостық  психикалық  болмыс  ретіндегі  "адам". 
Осы  мағынада  атман  бүкіл  бар  болып  отырғанның  генетикалық  және 
субстанционалдық  бастауы,  негізі  және  соңы.  Атман  рухани  және 
денелік  деп  бөлінеді  делінгенмен,  ол  көбіне  ақыл-ойдан,  сөз  бен 
тыныстан  тұратын  рухани  бастау  ретінде,  "брахман"  ұғымымен  бірдей 
деңгейде түсініледі. 
16. АРХЕТИП  -  алғашқы  образ,  идея.  Архетиптер  аналитикалық 
психологияда  инстинктілермен  қатар  "ұжымдық  бейсаналылықтың" 
қатпарларында  болатын  және  жалпыадамзаттық  символиканың  негізін 
құрайтын, туа біткен психикалық құрылымдар болып табылады. 
17. БЕЙСАНАЛЫ  (бессознательное)  -  кең  мағынасында  -  субъектінің 
санасында  жоқ  психикалық  процестердің,  операциялардың  және 
жағдайлардың  жиынтығы.  Бұл  психикалықтың  сана  құбылыстарынан 
сапалық  жағынан  өзгеше  ерекше  саласы.  Бейсаналы  шын  мақсаттары 
мен салдарлары сана деңгейінде түсінілмейтін жеке және топтық мінез-
құлықты  сипаттайды.  Фрейд  бейсаналыны  сананың  қызметіне  қарама-
қарсы аса зор күш ретінде көрсетеді. 
18. БИЛIK  -  әлеуметтік  қатынастар  формасы,  адамдар  мен  әлеуметтік 
топтардың қызметі мен тәртібінің сипаты мен бағытына экономикалық, 
идеологиялық  және  ұйымдастырушылық-кұқықтық  механизмдер 
аркылы,  сонымен  қатар  беделдің,  дәстүрлердің,  күш  көрсетудің 
көмегімен ықпал ете алу қабілетімен сипатталады. Басқару және бағыну 
принципіне негізделген қатынастар биліктің мәні болып табылады. 
19. БОЛМЫС  -  санадан  тәуелсіз  өмір  сүретін  объективті  дүниені 
білдіретін  философиялық  ұғым,  Кең  мағынасында  болмыс,  бірдеңенің 
жалпы түрде өмір сүруін білдіретін жалпы және абстрактілі ұғым. 
20.
 
БҰЛЖЫМАЙТЫН
 
ИМПЕРАТИВ
 
(категориалды императив) - Кант 
философиясының  ұғымы,  жалпыға  бірдей,  жеке  принципке  (максиме) 


 
 
224 
қарама-қарсы,  міндетті  түрде  орындалуға  тиіс  мінез-құлықтық 
адамгершіліктік ереже. 
21.  ВЕРИФИКАЦИЯ  -  ғылыми  тұжырымдардың  ақиқаттылығын 
оларды  эмпирикалық  тексерудің  нәтижесінде  анықтауды  білдіретін 
методологиялық ұғым. 
22.  ВОЛЮНТАРИЗМ  (  лат.  voluntas  -  воля  (жігер),  Ф.  Теннис  1883 
жылы  енгізген  термин)  -  философиядағы  идеалистік  бағыт,  жігерді 
болмыстың  жоғарғы  принципі  ретінде  қарастырады.  Рухани  болмыста 
жігерді бірінші орынға қоя отырып, волюнтаризм барлық заттың негізі 
ретінде  интеллект,  ақыл-ойды  танитын  интеллектуализмге  (немесе 
рационализмге) қарсы тұрады. 
23.  ГЕНЕЗИС  (грекше  genesis  -  шығу,  қалыптасу)  -  шығу,  қалыптасу, 
пайда  болу,  туындау,  белгілі  бір  жағдайға,  түрге,  затқа,  құбылысқа 
әкелетін даму дегенді білдіреді. 
24.  ГУМАНИЗМ  (латынша  humanitas  -  адамшылық)  -  адамды  басты 
құндылық деп танитын антропологиялық бағыт. Бастауын көне Римнен 
ал-ғанымен, жеке бағыт ретінде Ренессанс дәуірінде қарқынды дамыды. 
25.  ҒЫЛЫМ 
ФИЛОСОФИЯСЫ  -  ғылыми-танымдық  қызметтің 
сипаттарын  зерттейтін  философиялық  бағыт.  Тарихи-мәдени  контексте 
ғылым  философиясының  басты  проблемалары  мынадай:  а)  ғылыми 
білімнің  бірлігі  идеясы  және  онымен  байланысты  дүниенің  ғылыми 
тұтас  бейнесін  қалыптастыру  міндеті,  детерминизм,  себептілік 
ұғымдарын, 
динамикалық 
және 
статикалық 
зандылықтардың 
арақатынасын  сараптау;  б)  ғылыми  зерттеудің  құрылымдық 
сипаттамалары  -  анализ  бен  синтездің,  индукция  мен  дедукцияның, 
логика  мен  интуицияның,  жаңалық  ашу  мен  негіздеудің,  теория  мен 
фактінің  арақатынасы;  в)  демаркация  проблемасы  -  ғылым  мен 
метафизиканы,  математика  мен  жаратылыстануды,  әлеуметтік-
гуманитарлық  және  жаратылысты  ғылымдық  білімді  бөлу;  ғылыми 
білімді  негіздеу  проблемасы,  верификация  жасауды  сараптау;  д) 
ғылыми-зерттеу  парадигмаларын  қарастыру;  е)  ғылыми  білімді 
гуманизациялау мәселесі. 
26.  ДАО  -  дұрыс  жол,  космостық  және  адамгершіліктік  заң,  Қытай 
философиясының  басты  категориясы,  ол  басқа  категориялардың  бәрін 
қамтиды.  Дао  өзінен  өзі  дамитын  универсумнің  жоғарғы  принципі, 
барлық бар нәрселердің алғашқы бастауы, дүниенің генетикалық бірлігі 
ретінде  түсіндіріледі:  бәрі  одан  туындайды  және  бәрі  оған  қайта 
оралады. Сонымен қатар, дао - универсалдық зандылық: Көктің өзі дао 
заңдарына  бағынады,  яғни,  адам  Жер  мен  Көк  зандары  арқылы  дао 
жолымен  жүреді,  адамның  өмірлік  мақсат-міндеті  -  даоны  игеру,  яғни, 
дұрыс өмір сүру. 


 
 
225 
27.  ДЕКОНСТРУКЦИЯ 

мәтінге  қатысты  ерекше  стратегия, 
"деструкцияны"  да,  реконструкцияны  да  қамтиды.  Термин  метафизика 
дәстүрі ретіндегі  европалық дәстүрді  қайта түсінуді білдіреді, мұндағы 
басты нәрсе бұзу емес, позитивті мән құрастыру. 
28.  ДЕМИФОЛОГИЗАЦИЯ  -  діни  философтар  мен  теологтар  қасиетті 
мәтіндерді қазіргі заман тіліне аударғанда қолданатын методологиялык, 
тәсілдерді белгілеуге арналған термин. 
29.  ДЕСТРУКЦИЯ  -  философиялық  онтологиялық  конструкциялардың 
негіздемелерін айқындау.  Деструкция, бір жағынан алғанда, антикалық 
дәстүр ашқан, кейін ұмытылыңқыралған мүмкіндіктерді ашады, екінші 
жағынан  -  болмысты  өз  бетімен,  шегіне  жете  түсінуге  бағыттайды. 
Тарихи-философиялық  контексте  деструкция  адамның  өзінің  нақты 
уақытында  өз  мәнін  табатын  өзекті  өмір  сүру  мүмкіндіктерінің  бірі 
ретінде түсініледі. 
30.  ДЕФИНИЦИЯ  -  заттың  маңызды  ерекшеліктерін  немесе  ұғымның 
мағынасын,  мазмұнын  және  шекараларын  айқындайтын  қысқаша 
логикалық анықтама. 
31.  ДИАЛЕКТИКА  -  табиғаттың,  қоғамның,  адамның  және  ойлаудың 
жалпы зандары туралы ғылым. 
32.  ДИСКУРСИВТІ  -  пайымдық,  логикалық,  тікелей  емес,  сезімдік, 
тікелей, интуитивтіден өзгеше. 
33.  ДҮНИЕНІҢ  ДІНИ  БЕЙНЕСІ  -  негізгі  элементі  -  жалғыз  Құдай 
бейнесі  (монотеистік  діндер)  немесе  құдайлар  санының  көптігі 
(политеистік  діндер).  Қай  уақытта  болмасын,  барлық  діндер  біздің 
эмпирикалық  шындық  өз  бетімен  өмір  сүре  алмайды  және  өзін-өзі 
қамтамасыз  ете  алмайды,  тек  жаратылған,  себебі  ол  екінші,  нағыз, 
ақиқат шындықтың - Құдайдың жемісі, проекциясы деп есептейді. 
34.  ДҮНИЕНІҢ  ҒЫЛЫМИ  БЕЙНЕСІ  -  шындықтың  жалпы  қасиеттері 
мен  зандылықтары  туралы  түсініктердің  іргелі  ғылыми  түсініктерді, 
принциптерді  және  теорияларды  жалпы  қорыту  мен  синтездеу 
нәтижесінде құрастырылған тұтас бейнесі. 
35.  ДҮНИЕНІҢ  ФИЛОСОФИЯЛЫҚ  БЕЙНЕСІ  -  көптүрлі.  Бірақ  бәрі 
адам  және  дүние  қатынасының  төңірегінде  қалыптастырылған.  Бұл 
қатынас  материалистік  немесе  идеалистік,  диалектикалық  немесе 
метафизикалық,  объективистік  немесе  субъективистік  тұрғыдан 
түсінілуі мүмкін. 
36.  ДХАММА (пали тілінде) немесе Дхарма (санскрит тілінде) (dharma) 
-  бірнеше  мағынаға  иеұғым.  Ең  әуелі  Будда  ілімі,  рухани  білімнің 
квинтэссенциясыдегенді 
білдіреді, 
ар-ұждан, 
адамгершілікілімі, 
әділеттілік, міндет, заң, табиғат, діни қағида және тағы басқа ұғымдарды 
біріктіреді.  Төмен  Дхарма  қарапайым  деңгейдегі  құбылыстардың 
әрекетін, ал Жоғары Дхарма болмыс зандылықтарының асқақ деңгейде 


 
 
226 
әрекет  етуін  түсіндіреді.  Тағы  бір  мағынасы  -  болмыстың  элементтері. 
Әлемдік  процесс  -  себептерден  туындайтын  және  өшуге  бағыт  алған 
нәзік, өткінші 72 дхарма-элементтердің өзара әсер етуі және оның соңғы 
нәтижесі -абсолюттік тыныш күйге, сөнуге жету. 
37. ДІН  ФИЛОСОФИЯСЫ  -  кең  мағынасында  -  дінге  қатысты 
философиялық  ұстанымдардың,  оның  табиғаты  мен  функциялары 
туралы концепциялардың, құдайылықтың өмір сүруінің философиялық 
негіздемелерінің, сонымен қатар, оның табиғаты және дүние мен адамға 
қатынасы  туралы  философиялық  пайымдаулардың  жиынтығы;  тар 
мағынасында  -  құдайылық  пен  дін  туралы  автономдық  пайымдау, 
философиялық пайымдаудың ерекше типі. 
38. ЕЛЕСТЕТУ  -  1)ертеректе  қабылданған  заттың  немесе  құбылыстың 
бейнесі; 2) елестету арқылы жасалған бейне. 
39. ЖАН (грекше psyche, латынша anima) - көне грек философтарының 
түсінігінде  дене  мен  материяға  қарама-қарсы  субстанция,  психикалық 
құбылыстардың,  сезімдер  мен  ұмтылыстардың,  тірі  мақұлықтың  негізі 
және оның санасының талпыныстарының жиынтығы. 
40. ЖАТТАНУ  –  бастапқы  бірліктің  бұзылуының  нәтижесінде 
қалыптасатын,  субъект  табиғатының  жұтандануына,  өзгеруіне, 
бұрмалануына әкелетін субъект пен оның қандай да бір функциясының 
арасындағы қатынастар; сонымен қатар, осы бірліктің бұзылуы процесі. 
41. ЖІГЕР  -  адамның  белгілі  бір  іс-әрекеттерді  орындауға  саналы, 
мақсатты түрде ұмтылысы. 
42. ИДЕАЛДЫ  -  объективті  шындықтың  субъективті  бейнесі,  адамның 
мақсатқа  негізделген  қызметі  процесінде  туындайды  (субъективтік 
идеализм).  
43.ИДЕЯ  -  философиялық  термин,  "мән",  "мағына"  дегенді  білдіреді 
және ойлау және болмыс категорияларымен тығыз байланысты. 
44. ИММАНЕНТТІ - затқа, құбылысқа немесе процеске ішкі тән қасиет 
немесе зандылық. 
45. ИНТЕНЦИОНАЛДЫҚ  -  феноменологияда  -  сананың  дүниеге 
мәнқалыптастырушылық  (смыслообразующая)  ұмтылысы  сананың 
затқа 
мәнқалыптастырушьлық 
қатынасы, 
түйсіктердің 
заттық 
интерпретациясы. 
46. 
ИНТЕРПРЕТАЦИЯ  -  тарихи-гуманитарлық  ғылымдарда  - 
мәтіндердің  мәндік  мазмұнын  ұғынуға  бағытталған  мәтінді  түсіндіру; 
математикалық 
логикада, 
логикалық 
семантикада, 
ғылым 
философиясында  -  формальдық  тілдің  сөйлемдерінің  мағынасын 
анықтау. 
47.
 
ИНТЕРСУБЪЕКТИВТІЛІК
 

 
субъектінің  құрылымы,  субъектінің 
индивидуальдік  көптігіфактісіне  жауап  береді  және  олардың 
қауымдастығы мен коммуникациясының негізі ретінде көрінеді. 


 
 
227 
48. ИНТУИТВИЗМ  -  философиялық-методологиялық  ұстаным,  болмыс 
пен  танымның  соңғы  негіздемесі  ретінде  шындықтың  субъект  пен 
объектіге бөлінуін жоятын, затқа тікелей, "тірі" енуді таниды. 
49. ИНТУИЦИЯ  -  білімді  дискурсивті  туындатусыз  және  дәлелдеусіз, 
проблемалық ситуацияны тұтастай қамту арқылы тікелей алу процесі. 
50. ИНЬ  ЖӘНЕ  ЯН  (қытайша)  -  этимологиялық  мағынасы  "төбенің 
немесе  өзен  жағасының  көлеңкесі  мен  күнгейі"  дегенді  білдіреді.  Инь 
мен Ян дүниедегі ретсіздіктерді тәртіпке келтіруші Көк пен Жер күштері 
ретінде  қарастырылады.  Олар  бір-біріне  қарама-қарсы,  бірақ  олардың 
үндесіп,  бірігуі  бар  нәрсенің  бәрін  басқаратын  адамды  дүниеге  әкелді, 
Инь  -  дүниенің  рациональдік,  "әйелдік"  бастауы,  Ян  -  бейсаналық,  "ер 
адамдық"  бастауы  деп  түсініледі.  Қытай  философиясында  Инь  мен 
Янның өзара әсерінен табиғат құбылыстары да, қоғамдағы өзгерістер де 
туындап отырады деп тұжырымдалады. 
51. ИРРАЦИОНАЛДЫ  -  ақыл-ой  шеңберінен  тыс,  логикалық  ойлау 
арқылы жету мүмкін емес, рациональдіге қарама-қарсы. 
52. ИРРАЦИОНАЛИЗМ  -  философиядағы  идеалистік  ағымдарды 
белгілейтін  термин.  Иррационализм  рационализмге  қарама-қарсы, 
таным  процесіндегі  ақыл-ойдың  мүмкіндіктерін  терістейді  немесе 
шектейді  және  дүниені  танудың  негізі  ретінде  ақыл-ой  жете  алмайтын 
немесе  оның  табиғатына  қарсы  бірдеңені  түсінеді,  болмыстың  өзін 
логикаға қарсы, иррациональдік сипатта деп тұжырымдайды. 
53.  ИСТОРИЦИЗМ  -  тарихи  білімнің  логикалық-методологиялық, 
гносеологиялық және көзқарастық проблемаларын алдыңғы қатарға шы-
ғаратын философиялық ағым. 
54.  ҚАБЫЛДАУ  -  материалдық  дүниенің  заттары  мен  процестерінің 
сыртқы  құрылымдық  сипаттарының  сезім  мүшелеріне  тікелей  әсер 
ететін сезімдік бейнесі. 
55.  КАЛАМ  (арабша  калам  –  сөз)  -  ортағасырлық  мұсылман 
философиясының  бағыты,  ислам  дінінің  принциптерін,  негізгі 
көзқарастарын  зерттеп,  түсіндіруді  және  қорғауды  мақсат  еткен. 
Каламды спекулятивтік теология деп те  атайды, бұл жерде  спекуляция 
деген  тәжірибеден  тыс  жатқан  заттар  туралы  білімге  ойлау  арқылы 
жетуді білдіреді. 
56.  КАРМА  -  "іс-әрекет",  көне  Үнді  философиясының  ұғымы.  Ең 
мардымсыз деген іс-әрекеттің өзі бүкіл өмір ағымына әсер етеді де, бұл 
себеп,  -  жақын  уақытта  болсын,  не  біраз  уақыт  өткен  соң  болсын,  - 
міндетті түрде салдар туғызады, ол жақсы немесе жаман болуы мүмкін. 
Жағымды істердің нәтижесінде бақыт пайда болады, ал жағымсыз істер 
азап, қасірет әкеледі. Осы адамгершілік зандылығы карма деп аталады. 
57. КАТЕГОРИЯ  -  шындықтың,  пікірлердің  және  ұғымдардың  жалпы 
және  қарапайым  формалары,  олардан  басқа  ұғымдар  туындайды. 


 
 
228 
Сонымен қатар, категориялар таным объектілері болмысының алғашқы 
және негізгі формалары. 
58. КЕҢІСТІК  -  материя  болмысының  формасы,  оның  көлемін,  барлық 
материалдық  жүйелердегі  элементтердің  өзара  әсерін  және  болмыстың 
кеңістіктік-универсалдық,  жалпы  категорияларын  сипаттайды.  Кеңістік 
бір  уақытта  бірге  өмір  сүріп  отырған  объектілердің  орналасу  тәртібін 
білдіреді. 
59. КЛЕРИКАЛИЗМ ( латынша clericalis - шіркеулік) - католик шіркеуі 
мен  оның  басшысының  беделін  көтеруге  және  күшейтуге  бағытталған 
талпыныстар жиынтығы. 
60. КОСМОС (грекше - Ғалам) - хаосқа қарама-қарсы, реттелген, тұтас, 
жүйелі  құрастырылған  бірлік  ретінде  түсінілетін  әлем,  дүние.  Дүниені 
реттілік пен үйлесімділіктен тұратын космос деп ең алғаш рет Пифагор 
атады. 
61. КРЕАТИВТІЛІК  -  шығармашылықты  тұлғаның,  процестің,  өнімнің 
мәдениет  универсумын,  индивидтің  тәжірибесін  немесе  әлеуметтік 
маңыздылығын өзгертуде көрінетін тудырушы қабілеті. 
62. КРЕАЦИОНИЗМ  -  дүниені  жаратылыстан  жоғары  тіршілік  етуші 
жаратқаны туралы діни ілім. 
63. КРИТИЦИЗМ - философиялық және ғылыми-теориялық ойлауға тән 
ұстаным,  методологиялық  әдіс.  Критицизм  ақиқат  білімнің  қатаң 
логикалық өсуін қамтамасыз ететін универсалдық метод жоқ, сондықтан 
ғылымның  міндеті  -  ізденіс  және  формальдық-логикалық  тәсілдердің 
көмегімен жалған теорияларды теріске шығару деп пайымдайды. 
64. КІСІЛІК  -  қазақ  дүниетанымының  категориясы,  адамгершілігі  мол, 
ағайын-бауыр,  дос-жаран  арасында,  жалпы  қоғамда  беделді  адам  болу 
дегенді білдіреді. 
65. ҚОЗҒАЛЫС  -  материяның  маңызды  атрибуты,  өмір  сүру  тәсілі. 
Табиғат  пен  қоғамда  жүріп  жатқан  процестердің  бәрі  қозғалыс  болып 
есептеледі.  Ең  жалпы  түрде  алсақ,  қозғалыс  -  кез-келген  өзгеріс, 
материалдық  объектілердің  өзара  әсері  және  олардың  күйлерінің 
ауысуы. 
66. КӨЗҚАРАС  -  метафизикалық  ойлау  мен  зерттеулер  нәтижелерінің 
жиынтығы, объективті дүниеге және ондағы адамның орнына, адамның 
өзін қоршаған ортасы мен өзіне деген қатынасын білдіретін пікірлерінің 
және  олардан  туындайтын  өмірлік  ұстанымдардың,  сенімдерінің, 
идеяларның, құндылықтық бағыттарының жүйесі.  
67. КУМУЛЯТИВИЗМ  -  ғылым  философиясының  методологиялық 
ұстанымы,  білімнің  дамуы  ақиқат  білімдердің  қордаланған  мөлшеріне 
жаңа ережелерді біртіндеп қосу арқылы жүреді деп есептейді. 
68. ЛИБИДО  (лат.  libido  -  құмарлану,  қалау,  ұмтылу)  -  Фрейд 
қалыптастырған  психоанализдің  негізгі  ұғымдарының  бірі.  Фрейдтің 


 
 
229 
түсінігінде  либидо  сексуалды  сипаттағы  құмарлық,  көбіне  бейсаналы 
түрде болады. 
69. ЛОГОС  (грекше  сөз  және  мән-мағына)  -  Гераклит  болмыстың 
тұтастығын,  тұрақтылығын  және  гармониясын  бейнелеу  үшін  енгізген 
философиялық  субстанционалдық  термин;  ой,  ұғым,  ақыл-ой, 
дүниежүзілік зандылық мағыналарында түсініледі. 
70. МАТЕРИЯ  -  (лат.  material  -  зат)  -  дүниеде  өмір  сүріп  отырған 
объектілер  мен  жүйелердің  бәрінің  шексіз  көптігі,  кез-келген 
қасиеттердің,  байланыстардың,  қатынастардың  және  қозғалыстың 
формаларының субстраты. 
71. МАХИЗМ  -  XX-  ғасырдың  басында  Мах,  Авенариус  және  олардың 
шәкірттерінің  және  К.Пирсонның  еңбектерінде  ұсынылған  ғылым 
философиясы мен методологиясындағы субъективтік-идеалистік бағыт. 
72. МӘДЕНИЕТ - адам қызметін ұйымдастыру мен дамытудың ерекше 
тәсілі,  материалдық  және  рухани  еңбектің  нәтижелерінде,  әлеуметтік 
ережелер  мен  мекемелер  жүйесінде,  материалдық  және  рухани 
құндылықтарда,  адамдардың  табиғатқа,  өзара  және  өздеріне 
қатынастарында көрінеді. 
73.  МӘДЕНИЕТ  ФИЛОСОФИЯСЫ  -  мәдениетті  оның  тарихи 
қалыптасуын  және  құрылымдық  ерекшеліктерін  толық  қамти  отырып 
зерттейтін философиялық пән. 
74. МЕНТАЛИТЕТ  -  ұжымдық  және  жеке  сананың  терең  деңгейі, 
бейсаналыны  да  қамтиды.  Менталитет  -  индивидтің  немесе  әлеуметтік 
топтың  іс-әрекетке,  ойлауға,  дүниені  белгілі  бір  түрде  сезінуге  және 
қабылдауға  дайындығының,  ұстанымдарының  және  бейімділігінің 
жиынтығы. 
75. МЕТАФИЗИКА  -  бірінші  түсінігі  (аристотель  бойынша)  - 
болмыстың,  білімнің  және  мәдениеттің  тәжірибеден  жоғары 
принциптері мен бастаулары туралы философиялық ілім. Екінші түсінігі 
-  диалектикалык  материализм  метафизиканы  диалектикаға  қарама-
қарсы,  болмыстың  қайшылықтар  арқылы  өзіндік  сапалы  дамуын 
терістейтін, дүниенің біржақты, тек ойдағы бейнесін құрастыруға бейім 
философиялық  метод  деп  есептеді.  Қазірігі  кезенде  бірінші  мағынасы 
басымырақ. 
76.  МЕТОД  (грекше  metodos  -  жол,  зерттеу)  -  таным  жолы,  белгілі  бір 
мақсатқа  жету  тәсілі,  шындықты  теория  немесе  практикалық  деңгейде 
меңгеру әдістерінің жиынтығы. 
77. МЕТОДОЛОГИЯ - қандай да бір ғылымда қолданылатын танымдық 
құралдардың, 
методтардың, 
әдістердің 
жиынтығы. 
Танымдық 
және 
практикалық-өзгертушілік 
қызметті 
ұйымдастырудың 
алғышарттары мен принциптерін, құралдарын зерттейтін білім саласы. 


 
 
230 
78.  МИФ  ФИЛОСОФИЯСЫ  -  мифологиялық  сананың  құрылымын, 
мифтің 
мәдени-психологиялық 
құрылым 
ретінде 
атқаратын 
функцияларын зерттейтін философиялық сала. 
79.  МОДАЛЬДІК  -  кейбір  объектілердің  немесе  құбылыстардың  өмір 
сүруінің,  процестің  жүру  барысының,  сонымен  қатар  объектілер, 
құбылыстар,  оқиғалар  мен  процестер  туралы  пікірлер  мен  логикалық 
пайымдаулар  құрастыру  және  түсіну  тәсілдерінің  ерекшеліктерінің 
сипаттамасы. 
80.  МУТАЗИЛИТ  (оқшауланушылар,  бөлектенушілер)  -  каламның 
беделді мектептерінің бірі, рационалистік бағыт айқынырақ байқалады. 
Діни мәселелерді талқылаумен шектелмей, табиғат, қоғам, антрософия, 
философия  мәселелерін  де  зерттеуге  ұмтылған  мутазилиттер 
фалсафаның негізін қалады. 
81.  МУТАКАЛЛИМ  -  каламды  жалғастырушылар,  құр  догматтарға 
сүйеніп  қана  коймай,  ақыл-ойға  да  жүгініп,  діни  және  ғылыми 
білімдердің  басын  ашып  отырды,  Құдай,  ерік  еркіндігі,  құдайы 
әділеттілік,  Құранның  пайда  болуы  және  т.б.  мәселелерді  кеңінен 
талқылады. 
82.  НАМЫС - қазақ дүниетанымының маңызды категорияларының бірі, 
әрбір  адамның  өзінің  еркіндігі  мен  тәуелсіздігін,  рухы  мен  жанын.  ар-
ұжданы  мен  сенімін,  саналы  тіршілік  етуші  ретіндегі  "Менін"  аса 
жоғары,  өр  дәрежеде  қадір  тұту,  қастерлеу  сезімін  ақыл-оймен 
ұштастырып, сана деңгейінде игере білуін сипаттайды. 
83.  НАТУРАЛИЗМ  -  философиялық  позиция,  барлық  бар  болып 
отырғанды табиғатпен теңестіреді, табиғатты болмыстың бөлігі ретінде 
түсінуді терістейді және теориялық түсіндіруден жаратылыстан тыстың 
бәрін шығарып тастайды. 
84.  НЕОПОЗИТИВИЗМ (логикалық позитивизм) - позитивизмнің қазіргі 
заманғы  формасы.  Философияны  табиғи  және  жасанды  тілдерді 
сараптаушы  қызмет  түрі  ретінде  түсіне  отырып,  неопозитивистер 
белгілік-символдық  құралдардың  ғылыми  танымдағы  рөлін,  білімді 
математизациялау  мүмкіндігін,  ғылымның  теориялық  аппараты  мен 
эмпирикалық базисінің арақатынасын анықтауда белгілі бір нәтижелерге 
жетті. 
85.  НОМИНАЛИЗМ  (латынша  nomen  -  ат,  атау)  -  жалпы  ұғымдар, 
универсалийлер  ойдың  субъективті  формалары,  жәй  ғана  сөздер, 
заттардың  белгілері  мен  атаулары  ғана,  ал  ойлаудан  тыс  ешқандай 
объективті  шындықты  бейнелей  алмайды  деп  пайымдайтын 
философиялық көзқарас. 
86.  ОЙЫН  –  адамның  өзін  еркін  көрсете  білуі  формасы,  мүмкіндік 
дүниесіне  реалды  ашықтықты  білдіреді  және  жарыс  түрінде  немесе 


 
 
231 
қандай да бір ситуацияларды, мәндерді, жағдайларды көрсету (орындау, 
репрезентация) түрінде өрбиді. 
87.  ОНТОЛОГИЯ  -  болмыс  туралы,  бар  болып  отырған  мен  оның 
формалары,  іргелі  принциптері,  болмыстың  жалпы  анықтамалары  меи 
категориялары туралы ілім. 
88. ӨЗІНДІК  ЗАТ  -  Канттың  түсінігі  бойынша,  танушы  субъектіден 
тәуелсіз, өзі үшін өмір сүретін зат. 
89. ӨЗІНДІК  САНА  -  адамның  өзін  объективті  дүниеден  бөлуі,  өзінің 
дүниеге  қатынасын,  өзін  тұлға  ретінде,  өзінің  іс-әрекеттерін,  ойларын, 
тілектерін түсінуі және бағалауы. 
90. ПАНТЕИЗМ  (грекше  pan  -  бәрі  және  theos  -  Құдай)  -  Әлемді, 
дүниені, табиғатты құдайы сипатта түсінетін ілім. 
91. ПАРАДИГМА  -  қазіргі  заманғы  ғылым  философиясының  маңызды 
категорияларының  бірі.  Ғылыми  қоғамдастық  қабылдаған,  ғылыми 
дәстүрдің өмір сүруін қамтамасыз ететін сенімдердің, құндылықтардың 
және техникалық құралдардың жиынтығы. 
92. ПЕРСОНАЛИЗМ  -  жер  бетіндегі  өркениеттің  жоғарғы  мәні  ретіңде 
Тұлғаны  және  оның  рухани  құндылықгарын  танитын  философиялық 
позиция. 
93. ПЛЮРАЛИЗМ  -  философиялық-көзқарастық  позиция,  болмыстың 
тәуелсіз  және  бір-бірімен  бірікпейтін  бастаулары  және  түрлері 
(онтологиядағы  плюрализм),  білімнің,  теориялардың,  методтардың 
(гносеологиядағы  плюрализм)  формалары  мен  принциптері,  тең 
құқықты  және  егемен  тұлғалар  мен  топтар  (этика  мен  социологиядағы 
плюрализм),  құндылықтар  мен  құндылықтық  бағыттардың  формалары 
мен  принциптері  сансыз  көп  және  олар  бір-бірімен  бәсекелес  және 
күресуші  әр  түрлі  идеологияларда  және  сенімдерде  көрінеді 
(аксиологиядағы  плюрализм)  деп  пайымдайтын  философиялық-
көзқарастық позиция. 
94.  ПОЗИТИВИЗМ  -  нағыз  шын,  "жағымды"  (позитивті)  білімді  жеке, 
арнайы ғылымдардың және оларды біріктірудің нәтижесінде ғана алуға 
болады  және  философия  шындықты  өз  бетінше  зерттеуге  ұмтылатын 
ерекше  ғылым  ретінде  өмір  сүруге  құқы  жоқ  деген  принципке 
негізделген философиялық бағыт. 
95.  ПОСТПОЗИТИВИЗМ  -  неопозитивизді  сынаудың  негізінде  XX 
ғасырдың  ортасында  пайда  болды.  Ғылыми  білім  мен  ғылыми  емес 
білімнің шекарасы - ғылыми білімнің тәжірибе нәтижелерінің көмегімен 
терістеле алатындығында деп түсініледі. 
96.  ПРАКТИКА  -  адамның  материалдық,  сезімдік-заттық,  мақсатты 
қызметі, адам қоғамы мен танымның қозғаушы күші, жалпы негізі, оның 
мазмұны - табиғи және әлеуметтік объектілерді игеру және өзгерту. 


 
 
232 
97.  ПСИХОАНАЛИЗ  -  психотерапия  методы  және  бейсаналы 
психикалық  процестер  мен  мотивацияларды  басты  деп  есептейтін 
психологиялық  ілім.  XIX  ғ.  соңында  -  XX  ғ.  басында  З.Фрейд 
қалыптастырды. 
98.  РАЦИОНАЛДЫ - адамның шындықты ақылды меңгеруі. 
99.  РАЦИОНАЛИЗМ  (латынша  ratio  -  ақыл-ой)  -  таным  процесінің 
басты  құралы  ретінде  ақыл-ойды,  пайымды,  ойлауды  танитын  метод 
және оның негізінде қалыптасқан философиялық бағыттар жиынтығы. 
100. РЕДУКЦИОНИЗМ - ғылыми білімнің бірлігі проблемасын барлық 
ғылымдар  үшін  бірдей  жалпы  тіл  жасау  арқылы  шешуге  бағытталған 
методологиялық бағдарлама. 
101. РЕЛЯТИВИЗМ  —  танымды,  көзқарастық  жүйелерді,  мәдениетті 
сараптау  мен  интерпретациялаудың  методологиялық  принципі, 
құбылыстардың  сапалық  тұрақсыздығын,  олардың  әр  түрлі  жағдайлар 
мен ситуациялардан тәуелділігін абсолюттендіреді. 
102. САНА  -  объективті  шындықты  бейнелеудің  жоғарғы,  адамға  ғана 
тән  формасы,  оның  адамдардың  қоғамдық-тарихи  қызметінің  жалпы 
формалары арқылы көрінетін дүниеге және өзіне қатынасы тәсілі. 
103. СЕМАНТИКА  -  тіл  білімі  мен  логиканың  саласы,  онда  мәнмен, 
мағынамен 
және 
белгілер 
мен 
белгілік 
сөйлемдердің 
интерпретациясымен байланысты проблемалар зерттеледі. 
104. СЕНСУАЛИЗМ  -  таным  теориясындағы  бағыт,  сезімдікті  нақты 
танымның  басты  формасы  және  танымның  барлық  мазмұны  сезім 
мүшелерінің қызметінен туындайды деп есептейді. 
105. СИМВОЛ  -  материалдық  заттардың,  оқиғалардың,  сонымен  қатар, 
сезімдік  бейнелердің  тікелей,  сезімдік-денелік  болмыстан  өзгеше 
идеалдық мазмұнды білдіру қабілетін көрсететін ұғым. 
106. СТРУКТУРАЛИЗМ  И  ПОСТСТРУКТУРАЛИЗМ  -  қазіргі  заманғы 
философиялық 
және 
гуманитарлық 
білімдегі 
мәдениет 
құбылыстарының  көптүрлілігінің  астарында  объективті  өмір  сүретін 
логикалық  құрылымдарды  іздеумен  байланысты  бағыттардың  жалпы 
атауы.  Структурализм  өзінің  негізгі  міндеті  деп  тұрақты  логикалық 
құрылымдарды,  яғни  объектілердің  тұрақты  байланыстарын  іздеуді 
есептейді. 
Структализмнің 
жалғасы 
және 
өзіндік 
сыны 
постструктурализм  болды,  ол  субъектінің  құрылымдарға  редукциясы 
мүмкін  емес  деп  тұжырымдады,  бұл  адамға  субъект  ретінде  қайта 
оралуды білдіреді. 
107. СУБЛИМАЦИЯ  -  психологияда  аффектілік  құмарлықтарды 
әлеуметтік  қызметтің  және  мәдени  шығармашылықтың  мақсаттарына 
қайта өзгертетін және аударатын психикалық процесс. 
108. СУБСТАНЦИЯ  –  (латынша-  substantia  –  негізінде  жатқан)- 
өзгермейтін, мызғымайтын, бастауы басқада емес, өзінде,басқа арқылы 


 
 
233 
емес,  өзінің  арқасында,  өзінде  өмір  сүретін,  бәрінің  негізінде  жатқан 
нәрсе. 
109.ТАНЫМ–объективті шындықты бейнелеудің жоғарғы формасы. 
110.ТАРИХ
 
ФИЛОСОФИЯСЫ
 
-  тарихи  процестердің  онтологиялық  
сұрақтарын  –  тарихтың  мәні  және  бағыты,  негізгі  тарихи  дәуірлердің 
бөлінуі  және  реттілігі  ,
 
тарихи  процестің  ерекшелігі,  тарих  пен 
табиғаттың,  тарихи  шығармашылықтағы  еркіндік  пен  қажеттіліктің 
арақатынасы,  сонымен  қатар,  тарих  ғылымының  гносеологиялық  және 
методологиялық  проблемаларын  -  қамтитын  философиялық  білім 
саласы. 
111. ТӘҢІРШІЛДІК  -табиғат  діні,  оған  табиғат  пен  адамның  бірлігін 
білдіретін, басты қағидалары - Тәңірге деген сенім, оны Көк-Космостың 
жоғарғы құдайы деп түсіну және ата-бабаны қастерлеу болып саналатын 
ежелгі тотемдік, анимистік, фетиштік түсініктер кіреді. 
112. ТЕХНИКА 
ФИЛОСОФИЯСЫ  -қазіргі  замандағы  техника 
феноменін  философиялық-методологиялық  және  көзқарастың  зерттеу 
бағыты.  Техника  философиясы  техникалық  білімінің  құрылымы  мен 
динамикасын  сараптау,  техникалық  ғылымдардың  методологиясы 
проблемаларын,  сонымен  қатар,  адамның  шындықты  техникалық 
игеруінің гносеологиялық және антропологиялық аспектілерін зерттейді. 
Қазіргі  уақытта  техника  философиялық  контексте  кешенді,  күрделі, 
көпаспектілі, қайшылықты құбылыс және адамзат өркениеті дамуының 
факторы ретінде қарастырылады. 
113. ТЕХНОЛОГИЯЛЬҚ  ДЕТЕРМИНИЗМ  -  қоғамдық-экономикалық 
құрылымдардың  дамуындағы  шешуші  фактор  -  өндірістің  техникалық 
және  технологиялық  жақтарын  өзгерту  деп  тұжырымдайтын 
методологиялық ұстаным. 
114. ТЕХНОФОБИЯ  -  техникалық  іс-әрекеттер  мен  объектілердің 
жаттанған  дүниесін  адамның  өз  болмысына  қауіп  төндіретін  құбылыс 
ретінде қабылдауын бейнелейтін ұғым. 
115. ТРАНСЦЕНДЕНТАЛЬДЫҚ  -  таным  мүмкіндіктерінің  априорлық 
(тәжірибеден тыс немесе тәжірибеге дейін) жағдайларына жататын. 
116. ТРАНЦЕНДЕНТТІК  -  схоластикалық  философияда  туындаған 
термин, сезімдік тәжірибе шекарасынан шығатынның бәрін сипаттайды; 
діни және метафизикалық таным пәні. 
117. ТҰЛҒА  -  қоғамдық қатынастардағы индивид. 
118. УАҚЫТ  –  материя  болмысының  жалпы  формасы,  атрибуты, 
болмыстың  ұзақтығын  және  дүниедегі  барлық  материалдық  жүйелер 
мен процестердің жағдайларының ауысуы реттілігін білдіреді. 
119. УНИВЕРСАЛИЗМ – жан-жақтылық, көпқырлылық, бәрін қамтушы 
білім,  тұтастыққа  ұмтылу,  универсумды  тұтас  ретінде  қарастыратын, 


 
 
234 
осы  тұтастан  жекені  бөліп  шығарып,  түсіндіруге  және  ұғынуға 
тырысатын ойлау түрі. 
120.ҰҒЫМ  -  ойлаудың  логикалық  формаларының  бірі,  ұғымда 
шындықтың  заттары  мен  құбылыстары  және  олардың  арасындағы 
байланыстар олардың жалпы және ерекше қасиеттерін анықтау арқылы 
жалпы түрде бейнеленеді. 
121. ФӘЛСАФА (грек сөзі философияның арабша айтылуы) - антикалық 
философиялық  пайымдауды  үлгі  еткен  араб  ойшылдарының 
философиясы. 
122. ФЕНОМЕН  -  мән  ұғымымен  байланысты  және  оған  қарсы 
қойылатын  ұғым.  Шындықты  мына  түрде  қарастырады:  адам  аңғал 
реализмнен  ("заттарды  көріп  тұрмын")  заттардың  құбылысы  (көрінісі) 
олармен бірдей еместігін түсінуге көшеді. 
123. ФЕНОМЕНОЛОГИЯ  (грек.  Феномендер  туралы  ілім)  -  басында 
философиялық  пәндердің  бірі,  кейінірек  идеалистік  философиялық 
бағыт, философиялық сананы натуралистік ұстанымдардан (объект мен 
субъектіні  бөліп  тастайтын)  арылтуға,  философиялық  сараптаудың 
өзіндік  саласына  -  сананың  өз  актілері  және  олардың  мазмұны  туралы 
рефлексиясына  жетуге,  танымның,  адамның  өмір  сүруінің  және 
мәдениеттің  бастапқы  негіздерін,  толық  сипаттамаларын  анықтауға 
ұмтылды. 
124. ФИЛОСОФИЯЛЫҚ  АНТРОПОЛОГИЯ  -  кең  мағынасында-
адамның  табиғаты  және  мәні  туралы  философиялық  ілім. 
Философиялық  антропология,  тар  мағынасында,  адамның  және  оның 
қатынастарының өмір сүруімен және түсінілуімен байланысты күрделі, 
көптүрлі проблемаларды қарастыратын философиялық білім саласы. 
125. ФИЛОСОФИЯЛЫҚ  ГЕРМЕНЕВТИКА  -  бастапқыда  (антика 
дәуірінен)  бұл  сөз  мәтіндерді  түсіндіру  өнері  дегенді  білдірді.  XX  ғ. 
бастап  (М.  Хайдеггер,  Г.  Гадамер,  П.  Анкер  және  т.б.)  бұл  терминмен 
рухани  мәдениет  феномендерінің  мәнін  түсіну  және  игеру  туралы 
философиялық ілім аталады. 
126. ХАРИЗМА  -  адамның  ерекше  рухани  қабілеттілігі,  басқа  адамдар 
оны игерудің және әсер етудің қарапайым адамдарда жоқ жаратылыстан 
жоғары, құдайы күші деп түсінеді. 
127. ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ  -  сапалық  жаңа,  бұрын  ешқашан  болмаған 
бірдеңе тудыратын қызмет. 
128. ЭВРИСТИКА  -  анық  емес  жағдайларда  проблемаларды  шешу 
негізгі  пәні  болып  табылатын  метод  немесе  методологиялық  пән. 
Эвристиканың басты проблемасы - қайшылықтарды жою. 
129.ЭКЗИСТЕНЦИАЛИЗМ  (өмір  сүру  философиясы)  -  жалғыз  нақты 
шындық  ретінде  адам  болмысын  танитын  қазіргі  заманғы 
иррационалистік  философиалық  бағыт.  Экзистенциализмнің  жалпы 


 
 
235 
қағидасы–адамның  өмір  сүруі  индивидтіңәлеуметтік  өмір  сүруімен 
салыстырғанда алғашқы.  
130.  ЭКСПЛИКАЦИЯ  –  дәл  емес  ұғымды  дәлірек  ұғыммен 
ауыстыру.  Экспликация  термині  символдар  мен  шартты  белгілерді 
бейнелеу үшін қолданылады. 
131.  ЭМПИРИЗМ  (грекше  emperia-тәжірибе)-таным  процесін  тек 
сезімдік 
тәжірибемен(эмпирия) 
байланысты 
қарастыратын 
гносеологиалық  бағыт,  бүкіл  ғылым,  өмірлік  тәжірибе  және 
адамгершілік  тәжірибеге  ғана  негізделуі  тиіс  деп  түсіндіретін 
методологиялық принцип. 
132.  ЭНТЕЛЕХИЯ  (грекше  entelechia-аяқталу,  жүзеге  асу)-
мүмкіндікті  шындыққа  айналдыратын  белсенді  бастау,  ал  шындық 
мүмкіндіктің болуын жүзеге асатын форма деп түсінді және актуальдік 
іс-әрекет  ретінде  энергия  деп  атады.  Мысалы,  дененің  өзгеріп-
қалыптасуында жүзеге  асатын энтелехия – жан. 
133.  ЭПИСТЕМОЛОГИЯ  –  философияның  бөлімі,  онда  таным 
табиғатының  проблемалары,  білімнің  шындыққа  қатынасы,  танымдық 
процестіңжалпы  алғышарттары  зерттеледі,  оның  ақиқаттылығының 
шарттары анықталады  
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет