177
Құқықтың жалпы әлеуметтік мәнін мойындай отырып, оған мынадай
анықтама беруге болады:
Құқық (обьективтік тұрғыдан қарағанда) – жалпыға бірдей міндетті,
мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін, қоғамдық қатынастарды
реттейтін, заңда және басқа да ресми құжаттарда анықталған құқықтық
норма, ережелердің жиынтығы.
Құқықтық мәні Конституцияда және басқа да заңдарда бекітіліп,
тиянақталған оның түпқазық бастауларында, негізгі принциптерінде
ашылады. Оларға жататындар: саяси биліктің халықтың атынан жүзеге
асуы, меншіктің дамуы, қорғалуы және олардың субьектілерінің теңдігі,
демократизм, интернационализм, гуманизм.
Достарыңызбен бөлісу: