Зоналылық облыс - бір жазықты физикалық-географиялық елді
мекеннің шекарасындағы ландшафтық зонаның кесіндісіне сәйкес
келетін физикалық-географиялық аудандастырудың бірлігі.
Ландшафттың инварианты - ландшафтық кешен типінің
құрылымының жалпы және тұрақты белгілері. Осындай анықтама
бойынша Л.и. деген даму барысында ландшафтың өзгеруі тек бір
компонентті басқа компонент алмастырса гана болады (көлдің
ойпатты батпақпен немесе ойпатты батпақтың жоғарғы батпақпен
алмастырылуы).
f
Ландшафттык индикация - 1) жалпы ландшафтық кешенді
талдау негізінде бір жетіспейтін (аз зерттелген) буынын аныктау; 2)
белгілі бір жақсы зерттелген буынды (компонентті) басқа компонентті
немесе бүкіл ландшафтық кешенді анықтау үшін пайдалану. Қазіргі
өсімдіктер географиясында көптеген қолданбалы міндеттерді шешуде
аридті аудандардағы ыза суларының қорын анықтау, пайдалы
қазбаларды іздеп табу, аэрофототүсірімдерді болжауды қолданатын
индикациялық геоботаника атты ерекше бағыт қалыптасты.
Достарыңызбен бөлісу: |