Ландшафтың ырғақтылығы - бірдей (маусымдық, тәуліктік
динамика) немесе әр түрлі (климаттың өзгеруі, көлдердің деңгейінің
өзгеруі, мұздық дәуірлердің плейстоцендегі ауысуы) уақыт бойы
қайталануында байқалатын ландшафтың мезгілдік немесе циклдық
динамикасы құбылыстарының жиынтығы. Ырғақтылық ландшафтық
кешендерге, географнялық қабықтың жеке компоненттеріне тән.
Ырғақтылық құбылысы Күн жүйесінің галамшарларына да тән, ол
жұлдыз белсенділігінде көрінеді. Ырғақтылық - географиялық
қабықтагы зат пен энергияның кеңістік айналымына ұқсас құбылыс.
Достарыңызбен бөлісу: |