Шығармадан үзінді ШығармадағыҚаныш Сәтбаевбейнесі Меніңқиялымдағы ҚанышСәтбаевбейнесі Білгенгемаржан Одақтық Ғылым академиясының Қазақ филиалының төрағасы Қ.И.Сәтбаев
Қазақстан геологиясына зор еңбек сіңірді. Сәтбаевтың негізгі ғылыми еңбектерінің
басым көпшілігі рудалық кендер геологиясын және Қазақстанның минералдық
ресурс тарын зерттеу болды.
Сәтбаев пайдалы қазбалардың болжам карталарын құрастыру қағидаларын
айқындады. Оның ғылыми мұралары, әсіресе, Жезқазған кені туралы зерттеулері,
Сарыарқаның металлогендік және болжам карталары жөніндегі еңбектері аса құнды
еді. Ол ғылымға формациялық металлогендік талдаудың бірегей әдісін енгізді,
сондайақ алғашында мардымсыз кенді өңір болып есептеліп келген Жезқазғанның
ірі мысты ауданның бірі екенін дәлелдеді.
Академик Қ.И.Сәтбаев жас кезінде Алтын Орда хандарының ақылшысы, халық
қамқоры болған Едіге батыр туралы ел аузынан жазып алған жыр нұсқасын 1927
жылы Мәскеуде «Ер Едіге» деген атпен бастырады. Ол осы жыр үшін кейін, 1950
жылы қуғынға ұшырайды. Сондықтан «Едіге батыр» жыры ұзақ уақыт баспа бетін
көрмейді. Қ.Сәтбаев жариялаған жыр нұсқасы тек 1989 жылы ғалымның бір томдық
таңдамалы мақалалар жинағына енгізілді. Ал 1995 жылы «Ер Едіге» деген атпен
қазақ және орыс тілдерінде жеке кітап болып жарық көреді.