2.2 Портреттік деталь: жіктелуі, түрлері мен қызметі Әдеби
шығармада
бейнелеуді
тұрақтылыққа
тартып
тұратын,
композициялық құрылымды жетілдіре түсетін элементтер қатарына
зерттеушілер пейзаж бен портретті жатқызады.
Портреттік деталь анықтамасын беруде зерттеушілер арасында ортақ пікір
жоқ. Бірі кейіпкердің сыртқы келбетіне жатқызса (П.М.Михайлов), сыртқы
келбеті мен мінезі деп түсінетіндер де бар (М.О.Габель), біреулер «әдеп
формасы» деген жаңа ұғым аясына енгізеді (С.А.Мартьянова) (кейіпкердің
динамикалық белсенділігінен жұлып алып), «келбет, сымбат, поза, ишара,
қимыл, кейде киім» (Б.Г.Галанов) деп қарастыратындар да бар [94].
В.Е.Хализев болса: «Кейіпкер портреті – оның сыртқы болмысының: табиғи,
дене, жас ерекшелігіне байланысты белгілері (бет-әлпеті мен сымбаты,
шашының түсі), оған қоса, адам келбетіндегі әлеуметтік орта, мәдени дәстүр,
жеке дүниетанымымен (киім кию үлгісі, шаш үлгісі, таққан әшекейлері, жаққан
бояулары) қалыптасқан ерекшеліктер. Портретке кейіпкердің жүріс-тұрысын,
ишара-қимылын, көз қиығы мен бет-әлпетін жатқызуға болады. Осылайша,
портрет адамның сыртқы келбетінің тұрақты, салмақты кешенін құрайды» [25]
деп көрсетеді.