Сатылханова гульмира алихановна



Pdf көрінісі
бет41/66
Дата07.01.2022
өлшемі1,74 Mb.
#17302
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   66
Байланысты:
Satylkhanova Disser

«Маңғаз»  пейзаж  –  тау  мен  шатқал,  түнерген,  суық  қалпымен  адамды 
үрейлендіретін  пейзаж.  Пейзаждың бұл  түрінде  аспан,  дала,  тау-тас  кездейсоқ 
қасірет қаупінің үдей түсуін аңдатып отырады. Жетім қалған екі баланы ордалы 
улы  жыланның  ордасына  тірілей  түсіруге  әкеле  жатқан  жолды  суреттегенде 
автор пейзаждың осы түрін пайдаланады: «ішінде тіршілігі қыж-қыж қайнаған 
қала  баяулап  артта  қала  берді.  Сары  белдер  жүре-жүре  таусылғанда  тау 
шатқалдары  басталды.  Бұлар  таудың  ішіне  ендеп  кіріп  келеді.  Жаратқанның 
құдіретінде  шек  бар  ма,  жақпар-жақпар  тастар  мен  мұзарт  шыңдарды  қалай 
келістіріп  қиюластырған.  Арбаның  ырғағына  тербетілген  екі  бозбала  қаншама 
маужырап  ұйқылары  келсе  де,  көрмеген  жердің  ой-шұңқырына  қарайлап 
келеді» [120,9-10].  
Әдебиеттегі  тірі  немесе  өлі  табиғатты  суреттеу  пейзаж  аталатыны  белгілі. 
Кез  келген  новеллада  пейзаж  кездесе  бермейді,  ал  болған  жағдайда  ол  елеулі 
қызмет  атқарады.  Пейзаждың  ең  негізгі  қарапайым  қызметі  –  оқиғаның 
болатын  орнын  көрсету  (оқиға  орны  мен  мекенінің  де  көркем  шығарма  үшін 
маңызы  зор).  Осы  қарапайым  қызметінің  өзінің  оқырманға  берер  эстетикалық 
әсер-ықпалы  күшті.  Мысалы,  Сәкен  өлеңдері  Көкшетау  табиғатын,  Ілияс 
жырлары Жетісу табиғатын суреттеумен ерекше есте қалғаны анық. Біз зерттеу 
обьектісі  ретінде  алған  новеллалардағы  оқиға  орны  –  қала,  ауыл  т.б.  Қазіргі 
әдебиетте  «қалалық  пейзаж»  деген  оксюморондық  термин  кездеседі.  Табиғи 
орта  секілді  қала  да  кейіпкер  характері  мен  психикасына  әсер  етеді.  Әрбір 


100 
 
жазушы  оқиғаның  топографиялық  орнын  жасап  қана  қоймайды,  соған  сәйкес 
өзінің  көркемдік  міндеттерімен  қала  образын  да  жасайды.  Әр  автор,  әр 
шығарма қаласының өз образы бар, оған мұқият көңіл бөлу керек, өйткені, бұл 
шығарманың  жалпы  ойы  мен  образдық  жүйесін  түсінуде  маңызды  болмақ. 
Пейзаждық  детальдың  оқиға  орнын  көрсету  қызметіне  классикалық  үлгі 
ретінде  О.Бөкейдің  табиғат  суреттерін  алуға  болады.  Ал  пейзаж 
классификациясындағы  таңғы  пейзаждың  үлгісіне  Ы.Алтынсариннің  «Бай 
баласы  мен  жарлы  баласы»  новелласындағы  табиғат  көрінісін  жатқызуға 
болады:«Күншығыста  таң  әуел  алтынмен  бояғандай  қызарып,  жан-жаққа 
жайыла-жайыла барып, ақыры қызылы тарап ағара бастағанда, Үсен Асанды да 
оята бастады: «Жүрер уақыт болды»деп [41]. Бұл тұста автор табиғат көрінісін 
жұртта  қалған  жас  баланың  кедей  де  болса  ақылды,  саналы,  көп  нәрсені 
көкірегіне түйген даналығын білдіру үшін қолданып отыр. Түнімен ұйықтамай, 
таңды  көзімен  атырған  бала  еліне  тез  әрі  күн  жарықта  жету  мақсатымен  таң 
қызылы тарап ағара бастағанда оятуы құптарлық әрекет. 
Әдебиетке  өзіндік  бетімен,  өзіндік  өрнегін  сала  келген  қазақ  сөз  өнерінің 
айтулы  саңлақтарының  бірі  О.Бөкейдің  шығармашылық  мұрасы  – 
әдебиетіміздің асыл қорына қосылған рухани қазына. «Жазушылық дегеніміз – 
шындыққа жүгіну, ал әдебиет дегеніміз – сол шындықты шырақ алып іздеудің 
бірден-бір формасы» деген жазушы ХХ ғасырда шындықтың шырағын жағып, 
айналасына  нұр,  сәуле  түсірген  бірден-бір  қаламгер.    Алтайдың  ақиығы, 
Қатонқарағайдың кермиығы атанған О.Бөкей қысқа ғұмырында өсіп-өрлеу мен 
шығармашылық  шыңдалу  белесін  бастан  өткерді.  Таланты  толысқан, 
көзқарасы,  ой-санасы  кемелденген  кезде  ортамыздан  кеткені  үшін  «жасын 
ғұмыр»  жазушы  атанған  новеллист  өз  новеллаларында  дүние  шіркінді 
көркемдік көкжиекпен кестелеп, 70-80 жылдар прозасында ой айтудың жаңаша 
үлгісін  танытты.  Новелла  жанрына  О.Бөкей  салған  сара  жолды  өз  мәнісінде 
терең  бағалай  білген  жазушы  А.Алтай:  «Оралхан  шын  мәнінде  новеллист. 
Повестерінің өзі новелла. Повестерінің арасында кейбір сюжеттері бөлек болып 
тұрады,  оның  өзі  жеке  новелла  секілді.  Шығарманың  ішіне  шағын  әфсананы 
кіргізіп,  кіріктіріп  жіберудің  жолдарын  қарастырады.  Новелланы  меңгере 
отырып, біртіндеп-біртіндеп үлкен шығарма жазуға келді» [106,15].  
Қаламгер  О.Бөкей  новеллаларында  пейзаждың  небір  әдемі  үлгілері  көптеп 
кездеседі. Ол Алтай табиғатын ерекше махаббатпен, перзенттік сүйіспеншілік, 
тазалықпен суреттейді. Көз алдыңа асқар Алтайдың әсем келбеті, табиғатының 
қыз  қалпы  келеді,  мұрныңа  алуан  түрлі  таулы  жердің  шүйгін  шөптері  мен 
гүлдерінің  исі  келеді.  Алтай  асып  кетуге  асығасың.  Көркем  әдебиеттің  әсері, 
көкейге  қонымдылығы  мен  нағыз  нанымдылығы  нақ  осындай  болса,  оны 
жазған  жазушыда  арман  жоқ.  «Мезгіл  әуендерінен»:  «Қазан:  ...Ертеңінде  қар 
жауып  қалған  екен.  Кеше  ғана  Алтайдың  бөктерінде  жатқан  қар  күні  ертең 
келетін  азынаңқы  қыстың  хабаршысындай,  орман-тоғайды  көміп  тастапты. 
Азанда ғана жауған ақша қар кәмелетке жаңа толған қыздың арындай таза еді. 
Сен  тазалықты  содан  да  сезесің.  Мезгілсіз  жауған  қар  өз  әбестігіне  өзі 
ұялғандай,  тіпті  ғұмырының  күрмеуге  келмейтін  қысқалығын  сезеді  білем, 


101 
 
өзгеше жуас күйде. Төтенше көрініске таң-тамаша боп, жас балаша мәз қараған 
ауыл  адамдары  биылғы  қыстың  мына  қоқан-лоқысынан  шындап  тіксініп  те 
қалып еді. Жұқалаң жауған қарды тек ересек адамдар мен ерте тұратындар ғана 
көре алады. Күннің көзі шыға, еріп кетті. Сонсоң, қазан айының саржағал күзі 
қайта  үстемдік  алып,  дүниені  мәңгі  жуастықка  бөлеген  маужыр  мезгіл 
басталды.  Маужыр  мезгіл.  Алтай  өңіріңде  бөлекше  ғой»  [106]  деп  автор  адам 
аяғы  баспаған  Алтай  өңірінің  сұлу,  тамаша  табиғатының  тамылжыған  тілмен, 
кестелі, бейнелі сөзбен салған суреттерін береді. Алтай табиғатының реалистік 
көркем суреті. Көңіл бөліп қарасаң, өз заңынан басқа жанды мойындамайтын, 
бөгденің  бөтен  қимылын  жақтырмайтын,  артық-ауыс  әрекетті  қаламай, 
қарадан-қарап сіркесі су көтермей тұратын Алтайдың таза табиғаты. Оқырман 
Алтайда ешқашан болмаса да, автор суретті көз алдына елестетіп қоймай, жаз 
балаша  мәз  болған  ауыл  адамдарының  арасында  жүргендей  сезімге  бөлейді. 
Жалпы  пейзаж  үлгілерін  беруде  О.Бөкей  –  қазақ  прозасына  өзіндік 
даралығымен  келген  суреткер.  Автор  суреттеуіндегі  табиғат  тірі  адамның 
өзіндей  тыныстап,  сақ-сақ  күліп,  күрк-күрк  жөтеліп,  дүр  сілкініп,  сыздап 
қалтырап, ақ көрпесін айқара жамылып, бауырына басып жата қалған. Мұндай 
пейзаж көрінісін өз оқырманын толқытып, тебірентіп, баурап алатыны ақиқат. 
Өйткені,  табиғат  көрінісі  сәтті  детальдар  арқылы  адамның  көңіл-күйімен 
астасып,  бірігіп,  біте  қайнасып  кеткен.  Кәдімгідей  жанды,  тірі  қалпында  бере 
білген жазушының шеберлігі керемет. Бұл табиғат суретінің «әр қалтарысында 
адам,  адамның  сезімі,  ойы,  арманы,  қиялы,  адамның  көл-көсір  философиясы 
толқып, төгіліп тұр» [11, 121]. 
«Ауылдың  өр  жағында  Көктерек  деп  аталатын  қалың  тоғай  бар.  Сол 
тоғайды  қақ  жарып  тау  бұлағы  ағады.  Тау  бұлағы  құлдыраң  қағып  асығыс 
ағушы  еді.  Тау  бұлағының  ернеуін  сан  түрлі  өрнек  жасаған  қабыршақ  мұз 
жырымдайтын. Мұз соншалық ғажап ою-өрнек жасап, біресе сувенирге, біресе 
гауһар  моншақтарға  ұқсайтын.  Сол  мөлдіреп  тұрған  мұз  сіздің  көз  алдыңызға 
күміс  алқаны  немесе  жақұт  өңірді  елестетер.  Егер  сол  мұз  моншақтың  бірін 
сырт  еткізіп  үзіп  алып,  аузыңызға  салып  таусаңызшы  -  сонда  ғұмыры 
шөліркемейтіндей  әсер  аласыз.  Сосын сіз  сол  бұлақтың сылдыр-сылдыр үніне 
құлақ  түріп,  шалқаңыздан  жатсаңыз,  қаяусыз  төңкеріліп  тұрған  көк  күмбезіне 
көзіңіз  түседі.  Аспан  дүние  мұңлы  арманға,  анау  бір  тізбектеле  ұшып  бара 
жатқан  құстай ұшқыр ойға  итермелейді.  Сіз  қоңыр  салқын  таза  ауаны  жұтып, 
қай-қай-дағы қиялға шомып ұзақ жатар едіңіз, тіпті арқаңыздан шым-шымдап 
сыз өткенін де сезбей қаларсыз». Табиғат көркін қаз-қалпында шебер суреттеу 
арқылы  автор  табиғаты  сұлу  Алтаймен  бірігіп  кеткен.  Адам  мен  табиғаттың 
бірлігін сомдай отырып, автор оқырманын да осы бағытта ойлауға шақырады. 
Күнделікті  бар  мәселені  ұмытып,  автормен  бірге  құлдыраңдап  асығыс  ағып 
жатқан тау бұлағының мұздай суын ішіп, шалқаңнан түсіп жата қаласың. «Асау 
табиғаттың  аясында  асау  мінезді  адам  туыла  бермес,  ол  жерлерде  де  талай 
ынжық  пен  момындар  кездеседі.  Олар  табиғаттың  асау  мінезін  бойына 
сіңірмеген,  туа  бітті,  жіті  көзбен  оның  сырына  үңіле  алмаған,  өзінің  сол 
табиғаттың  кішкентай  бір  бөлшегі  екенін  аңғармаған,  көзін  ашып,  тәй-тәй 


102 
 
басқан сәттен тіршілік ағымына қойып кетіп, жағалауға көз салмаған жандар» 
[140,6] қатарына О.Бөкей жатпайтыны түсінікті. 
Оралхан Бөкей өз кейіпкерлерінің іс-әрекетінен гөрі, олардың ішкі әлеміне, 
жан-дүниесіне  көбірек  үңілетін  қаламгер.  Автор  кейіпкерлерінің  ой-
толғаныстары көбіне табиғат суретімен астарласып, астасып жатады. «Өйткені 
табиғаттың  төл  перзенті  адам  сол  табиғат  иесін  сезініп-түйсінген  кезде  оның 
арманшыл-қиялшыл  болмауы  мүмкін  емес.  Кейіпкер  болмысын  табиғатпен 
байланыстыра  суреттеу  арқылы  таныту  да  О.Бөкей  творчествосының  өзіндік 
бір  қыры.  Осы  орайда  өзі  де  табиғаты  тамылжыған  таулы  өлкеде  туып-өскен 
жазушының шынайы табиғат жыршысы болғанын айрықша атауға болады. Ол 
– Өр Алтай, асқар Алтайдың асқақ жыршысы!» [140, 6] дейді Т.Мәмесейітов. 
Адам  баласының  өмірі  табиғат  құбылысымен  тығыз  байланыста  болып, 
оның бүкіл өмірі табиғат аясында өтетіндіктен, кейіпкердің ішкі жан дүниесінің 
де,  түр-келбет,  іс-әрекетінің  де  белгілі  бір  дәрежеде  сыртқы  ортамен 
байланысып, үндесіп жатуы – заңды құбылыс. Шығармада кейіпкерді қоршаған 
заттық  дүниемен  қатар,  табиғат  та  бар  екенін,  табиғат  көрінісін  суреткер  сол 
сәттегі  көңіл-күйіне,  жан  толғанысына,  қуаныш-қызығына,  қайғы-қасіретіне, 
басына  түскен  үлкен  қатерге,  ашу-ызасына,  қайрат-қажырына  орай 
бейнелейтінін  ғалым  Т.Ақшолақов  та  айтып  көрсеткен.  М.Әуезовтің  «Қараш-
Қараш»  повесін  талдай  отырып,  Бақтығұл  басына  түскен  қатер  кезіндегі 
табиғат  суреттері  үлкен  шеберлікпен,  суреткерлікпен  бере  білген.  «Бақтығұл 
жүрегіндегі  осы  алаулаған  алуан  арпалыс,  ыстық  қан  қызуы,  Жарасбайларға 
деген  мұзданған,  тас  боп  қатқан  жан  қатулығы,  өлім  мен  өмір  жанталасы  – 
соның  бәрін  жазушы  табиғаттың  үрейлі,  ызғарлы,  суық,  айбарлы,  қатулы 
сәттерімен  үйлестіре  суреттейді»  [90,  119].  Табиғаттың  асау,  долы  күшін 
суреттей  отырып,  негізгі  кейіпкер  басына  түскен  қатердің  аса  үрейлі,  қауіпті 
екенін білдіреді. М.Әуезов табиғаттың сұсты келбет-кескінін кейіпкерінің жан 
күйзелісін,  жан  ашуын  тереңдете  бейнелеу  үшін  ұтымды  алған,  табиғатты  өз 
мақсатына  орай  сөйлете  алған.  Автор  суреттеуіндегі  пейзаждық  детальдар 
кейіпкер  бойындағы  ашу-ызасы  алай-түлей  боранды,  аязды,  мұзды,  тасты 
табиғатпен  үйлесім  тапқан.  Байқағанымыз,  пейзаждық  детальды  әдебиетте 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет